Әлем алдында өнер көрсеткен Әлинұр

Әлем алдында өнер  көрсеткен Әлинұр

Оралдық балғын өнерпаз Әлинұр Хамзин халықаралық балалар байқауында өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынды иеленді.

Жерлесіміз Беларусь елінің Витебск қаласында өткен дәстүрлі халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі аясындағы «Витебск – 2022» балалар байқауында қазақ елінің намысын қорғаған болатын.

Он екі жасар Әлинұр Хамзин – Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Мәдени-ағарту бірлестігінің» құрамындағы «Бәйтерек» комьюнити орталығының «Ән-әуен» үйірмесінің  тәрбиеленушісі. Аталмыш орталықтың меңгерушісі Ләззат Касимова талантты балғынның ән өнеріне кәсіби деңгейдегі дайындығы осы үйірмеден басталғанын айтты.  

– Байқауға 15 елден қатысқан үміткерлердің арасынан озып шығып, жүлдегерлер қатарынан көрінген Әлинұрдың өнері әділ қазылардың жоғары бағасына ие болғанын естіп қуанып жатырмыз. Байқаудың алғашқы кезеңінде ол «Қазағым-ай» әнін орындаса, екінші кезеңде Майкл Джексонның репертуарындағы бір әнмен сахнаға шықты. Бірінші орынға ие болған ресейлік өнерпаздан Әлинұрдың бір ұпайы ғана кем болды. Біздің орталыққа кішкентайынан бері келіп жүрген Әлинұрдың өнер әлеміне алғашқы қадамы осы жерден басталғанын мақтанышпен айтып өткім келеді, – деді Ләззат Шәденқызы. 

Алты жасынан бастап көптеген өнер сайыстарында бағын сынаған Әлинұр Хамзинның ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері де баршылық. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда бас жүлделер мен 1-орындарды еншілеп жүрген шәкірттерінің болашағынан ұстаздары да үлкен үміт күтеді.

Оралға үлкен жеңіспен оралған Әлинұрды 18 шілде күні БҚО мәдениет басқармасы басшысы С.Дүйсентегі мен Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Қайырлиев бастаған басшылық құрам, «Мәдени-ағарту бірлестігі» мен «Бәйтерек» комьюнити орталығының ұжымы, өнерпаздары, «Жайық толқындары» әжелер ансамблі, сондай-ақ жанашыр тілекшілері мен достары әуежайдан зор ықыласпен күтіп алды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550