Әлем чемпионы Нора Джеруто кім?

Әлем чемпионы Нора Джеруто кім?

Фермерлер отбасында туған, Кенияда жаттығатын Әлем чемпионы Нора Джеруто туралы не білеміз?

Нора Джеруто спорттағы мансабын 2011 жылы бастаған. 16 жасында қыздар арасындағы жарыста мәре сызығын алтыншы болып кесті.

Дәл сол жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында Нора су толы шұңқырға құлап кетіп, соған қарамастан мәре- ге алғашқы болып келді. Джеруто 2016 жылы Кения чемпионатында 2-орын алып, соның арқасында Африка чемпионатына жолдамаға қол жеткізді. Ол жарыста рекорд орнатып, алтын иеленді. Джеруто 2017 жылы Қазақстанның «Алтай Атлетикс» жеңіл атлетика клубына қосылды. Спортшы тек 5 жылдан кейін, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Нора Джеруто қазір 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде әлемде 1-орында тұр. Биыл мамырда бұл қашықтықты 8 минут 57,97 секундта жүгіріп өткен еді. Ол Орегондағы жарыста жаңа нәтиже көрсетті. Жарыс аяқталған соң жеңіске жету үшін барын салғанын да жасырмады. «Жарыс басталғанда эфиопиялық достарымнан қорықтым. Себебі олар да мен сияқты чемпион. Жеңіске жету үшін барымды салдым, бұл оңай болмады», – деді қазақстандық спортшы Нора Джеруто. Қазақстан атынан Орегон штатындағы жарысқа Кенияда туған үш спортшы қа- тысты. Олар: Нора Джеруто, Дейзи Джэпкемей, Кэролин Кипкируи. Айта кетейік, Нора Джеруто мен Дейзи Джэпкемей апалы-сіңлілі. Әлем чемпионатында Дейзи Джэпкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалға өте алмады. «Ата-анам, жаттықтырушым мен қарсыластарыма, менеджеріме және сіңліме алғыс айтамын. Сіңлім финалға шыға алмады, алайда оның келесіде чемпион болатынына сенемін», – деді Джеруто. Ал Кэролайн Кипкируи әйелдер арасындағы 10 000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында 7-орын алды. Ол мәре сызығын 30 минут, 17,64 секундта кесіп өтті. Осылайша Қазақстанның осы қашықтықтағы рекордын жаңартты.

Рауан МУТАИР
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563