Әлемнің ауасын тазартуды ойлап тапқан ақсақал. Оның таңғажайып құрылғыларын неге қолданбаймыз?

Әлемнің ауасын тазартуды ойлап тапқан ақсақал. Оның таңғажайып құрылғыларын неге қолданбаймыз?

Сарапшылардың пікірінше, жер бетіндегі ауаны ластап жатқан миллиондаған ауыр, жеңіл көліктер, жылу электр станциялары, зауыт-фабрикалар, жекеменшік тұрғын үйлердегі жылу беретін пештер, тағы басқа толып жатқан өндіріс ошақтары. Дүниежүзінің экологтары ғаламшар апатты жағдай алдында тұрғанын айтып дабыл қағуда. Тіпті табиғатты қорғау ұйымдары ауаны ластағандарға ірі көлемде айыппұлдар салуда. Бірақ одан түтін азайып, лас ауа тазарып жатқан жоқ. Соның салдарынан Антрактидадағы алып мұздықтар еріп жатыр. Түтін мұздың үстін көрпемен жапқандай орап алады. Бұрын мұздықтар күн сәулесін шағылыстырып күн қызуын қабылдамайтын еді. Енді ондай қабілеттен айырылған мұздықтарда еру процесі екпінді түрде жүріп жатыр. Нәтижесінде жер бетіндегі ауа райы қатты өзгеріске   ұшырауда. Өзге елді айтпағанда, Қазақ жеріндегі ірі қалалар қара түтін астында қалуда.

Мысалы Алматы тұрғындары жыл сайын адам басы екі жүз келіден астам зиянды қалдықтарды жұтады екен. Соның салдарынан түрлі аурулар белең алып, жасына жетпей о дүниелік болып жатқандар саны артуда. Осындай кесапаттан арылудың жолын осыдан он алты жыл бұрын ойлап тапқан өнертапқыш Асқарбек Макин ақсақалдың бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Алматы қаласы, облыс әкімдігі,  экологияның үш бірдей министрімен жүзбе-жүз, онлайн да сұхбаттасқан. Алайда шен-шекпенділер қолдау хат беруден ары аспаған. Мәселен «Аркос» деген ғылыми-зерттеу орталығы Асқарбек Макиннің ойлап тапқан құрылғыларына қатысты «әлемде теңдесі жоқ жоба» деген құжат берген. Асқарбек Макин елу жылдан астам өндірісте істеген, талай зауыттарды аяғынан тік тұрғызған білікті маман. Сүт өндірісінде қызмет атқарған кезде талай тұрғын үй салдырып, қарапайым жұмысшылардың батасын алған азамат. Бір сөзбен айтқанда, отыз жылдан астам директор, бас директор және бизнесті игерген, заманына лайық өте тәжірибесі мол, қолынан іс келетін, жұмыстың көзін білетін ақсақал ретінде танылған. Ол өзі ойлап тапқан құралдарын арқалап ортанқол басшылардан бастап,         министрлікке дейін барып, экологиялық жобасын түсіндірумен әлек. Бірақ нәтиже жоқ. Осындай әлем деңгейінде пайдаланылатын жобаға сұраныс таппағанына қынжылады. Одақ кезінде Дінмұхамед Қонаевтың батасын алған, жиырма жылдан аса елімізде ең үлкен Алматыдағы сүт зауыттарына дейін басқарған Асқарбек Макин: «Экологияға үкімет миллиардтаған қаржы бөледі, қайда жұмсалып жатыр сол ақша? Оның бәріне ағаш ексе, бүкіл әлем орман болып кетпейді ме?» – дейді. Әрине, жемқор шенділерге жылына бәленбай ағаш отырғыздық деп миллиардтаған ақшаны қалталарына басу әлдеқайда тиімді. Ал Макин ақсақал он алты құралды ойлап тапқан, он патенті бар, түтінді  қалай құрту айласын біледі, ол – бір. Екінші – Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларымен қатар әлемді тазалау мәселесін көтеріп отыр. Өнертапқыштың айтуынша, Алматыны тазаласаң, үш-төрт сағаттан кейін Бішкектің түтіні желмен келіп, қаланы қайта басып қалады, еңбек зая кетеді. Сондықтан ол кісінің ұсынысы бойынша қондырғыны тездетіп өзімізде жинап бастап, одан кейін барлық қалаларға орнатып, кейін бүкіл әлемге сату  керек. Ақсақалдың ендігі бар үміті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта және де «Жас келсе – іске» демекші, Тоқаев жақында тағайындаған жаңа  экология министрі Зүлфия Болатқызында. Егер Асқарбек Макиннің жобасы іске асса, еліміздің әлем алдындағы беделі еселеп артар еді. Өйткені: «Қазақ даласын зиянды қалдықтардан тазартқаннан кейін отандық өнімді әлемдік нарыққа шығарып, дүниенің ауасын тазалайтын жағдайға жетеміз»,  – дейді өнертапқыш ақсақал. Әрине, бұл біреулерге қиял-ғажайыптай көрінер. Бірақ ағылшындар осыдан үш жыл бұрын  Лондонның орталығына Асқарбек Макиннің қондырғысына ұқсас жабдық орнатқан. Отандық өнертапқыштың айтуынша, жергілікті шенділерден үміт болмағаннан кейін инновациялық жобасын шетелдіктерге де көрсеткенін жасырмайды. «Бәлкім құпиямды сол кездерде ұрлап кетулері де мүмкін ғой», – дейді ақсақал. Қалай десек те инновациялық технологияға негізделген он алты құрал-жабдықтың бәрін ұрлап алу мүмкін емес. Оның үстіне он данасы арнайы патенттелген. Сондықтан Жаңа Қазақстан құрамыз деген үкімет дереу осы бастаманы қолға алғаны дұрыс деп есептейміз. Ол, біріншіден, халықтың денсаулығын түзетуге өз үлесін қосары сөзсіз. Себебі отандық өнертапқыштың фильтрлері лас ауаны ғана тазартып қоймай, түрлі жұқпалы індеттерді де өлтіретін қасиеті бар. Егер өндіріс дұрыс жолға қойылса, мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Мемлекетіміз миллиардтаған табысқа кенеледі. Бұл әлем алдында Қазақстанның беделін арттырады деген сөз. Өйткені әлем ауасын тазарту жобасы қазақ халқының қолынан шығып тұр. Айтпақшы,  жақында ғана Парламент отырысында Теміртау өңірінен сайланған депутат Аманжол Әлтай кезекті мәжіліс отырысында қаладағы экология мәселесіне қатысты дабыл қаққан болатын. Ол Теміртауды Түтінтау деп атауды ұсынды. Осы мәселеге қатысты Асқарбек ағамыз дереу арада сол депутатпен кездесіп, өз ұсынысын шер толқыған мынандай өлең шумақтарымен жеткізген екен. 

Сөзімнің жалғаны жоқ байқаңызшы,

Айтарым жанашырлық, 

                                      барлығы шын.

Аспанды түтін басты, көрмейсіз бе,

Көрінер қорқынышты көрген көзге.

Шулаттым талайлардың 

                                       құлағын мен, 

Көрмедім жанашырды мені 

                                             түсінген.

Азабын көрсетуде қара түтін, 

Түтінмен күресетұғын түсе ме күн?

Әлемге жайылды да төкті зәрін, 

Қорлығын көріп жатыр жас 

                                             пен кәрің.

Сізге де келіп қалдым үміт үзбей,

Көріп ем жылылықты жүзіңізден. 

Ақынсыз атағыңыз елге мәлім, 

Түтінмен алысармын келсе әлім. 

Бірақта жалғыздың бұл ісі емес ғой, 

Ойлаймын шенділерге қосар бір ой. 

Ойладым сіз де бірге атсалысар, 

Менімен жөн сұрасып тез табысар. 

Халықтың денсаулығын ойламасақ, 

Бастаған ізгі істі қолдамасақ, 

Кетпейді ме ауру-сырқау елді басып, 

Жүйкесін елдің құртып жағаласып.

Паш еттім он бес жылды осы іске, 

Күйеді менің ішім еске түссе. 

Шенділер белсенділік танытпады,

Тиіп-қашып бір істі жарытпады.

Соныменен жылдар өтті, іс өнбеді,

Білместер айтқаныма еш көнбеді.

Ақынды ақын түсінер деген ойда болғанбыз. Бірақ депутаттан әзірге нақты жауап жоқ. Айтайын дегенім бұл емес. Халық қалаулысымен кездесуге келген жазушы Теңдік Сәрсекейқызы екеуара әңгімені естіп тұрып, Асқарбек ағамызға қарата: «Мен сіздің сөзіңізге қайран қалып тұтамын, сіз адамзаттың алтын қорысыз, сіз туралы кітап жазамын», – деген екен. Бұрын-соңды көрмеген жанға осындай пікір білдірген. Оған Асқарбек Макин ризалығын жасыра алмай өлең жолдарын арнап жіберіпті. Ал қалта қамын  ойлаған шенеуніктердің отандық өнертапқыштың  жаңалығын зерттеуге әзірге өрелері жетпеуде. Бәрінен де қымбат алтын уақытты өткізіп алып, ертең өкініп жүрмесек болғаны.  

МИРБОЛАТ МЫРЗАТАЙҰЛЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 5
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 10
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 11
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 250
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 245
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545