Әлемнің ең жас ойыншысы

Әлемнің ең жас  ойыншысы

«Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2025 жылы 16 гол соғып, әлемнің ең нәтижелі жас ойыншысы атанды. Бұл көрсеткіш – 19 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлемнің 20 жетекші лигасының ішіндегі ең жоғары нәтиже. Қазақ футболының жас жұлдызы осылайша «Барселонаның» жарқырап келе жатқан таланты Ламин Ямалды да басып озды –  испандық вингер биыл 14 гол соққан. Сол санды бразилиялық «Васко да Гама» клубының ойыншысы Райан қайталады. Ал «Челсидің» жас вингері Эстеван бір допқа кем – 13 голмен төртінші орында тұр. Қалған жас ойыншылардың көрсеткіші 10 голдан аспаған. Айта кетсек, бұған дейін де Дастан Сәтпаев әлемнің ең дарынды жас футболшыларының тізіміне енген болатын. Алдағы жазда ол ағылшынның әйгілі «Челси» клубына ауысуды жоспарлап отыр.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
22.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19948
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19764
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34920
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33477
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37291