Әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады

Әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады

Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осы мерекеге орай Оралда қала әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. 

Сала қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтаған қала басшысы Абат Шыныбеков: 

– Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.  Бұл бүгінгі таңдағы тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырудағы өзіндік зор үлесі бар, өзінің жанқиярлық еңбегімен, қажымас қамқорлығымен қарттарға қызмет етіп, мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға баға жетпес көмек көрсетіп жүрген  мамандардың мерекесі. Әлеуметтік салада әртүрлі мамандық иелері жұмыс жасап жүргенімен, оларды біріктіретін ортақ нәрсе – жүрек жылуы. Расында, қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты болса, оның жүзеге асуы әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарымен тікелей байланысты. Бұл – үлкен жауапкершілік. Сіздерге зор денсаулық, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау барысындағы қиындығы мол, бірақ сауапты істе табыс, бақыт пен амандық тілеймін, – дей келе, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында Самал Атабаева, Гүлмира Ғалиева, Әсел Жақсыбекова, Елизаветта Сергеева, Зульфия Гусманова, Айдана Жұмағазиева, Арайлым Шынтемірова және басқа да бір топ сала қызметкерлері бар.

Бұдан әрі құттықтау легін жалғаған Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сондай-ақ банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері де асқан жауапкершілік пен ерекше жігерді қажет ететін салада қызмет етіп жүрген мамандарды құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады. 

Мерекелік шара көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 56
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 50
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 165
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 165
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 309
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 309
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 531
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 481

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9184
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8583
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11811
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9580
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10792