Алкогольдің зиянды нәрсе екенін бәрі біледі десе де болады. Дегенмен соны біле тұра адамдар тұтына беруін тоқтатқан емес. Негізінде алкогольді ішудің барлық салдары мен зиянын егжей-тегжейлі білудің маңызы зор. Алкоголь адамның бүкіл ағзасын уландырады.
Міне осыдан келіп зат алмасуы бұзылады, ағза инфекцияларға қарсы тұра алмайды. Барлық ішкі мүшелерді, соның ішінде ми, жүрек, бүйрек, бауыр, ішкі секреция бездерін және жыныстық мүшені бұзады. Алькоголь адамды ерте қартаюға соқтырады. Спирт миға сіңіп, нерв клеткаларын уландырады. Адамның одан әрі ойлау қабілеті жойылып, рухани жағынан құлдырайды. Көбіне отбасында болып жатқан зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы қатігездікке осы ата-аналардың маскүнемдігі себепші болады екен. Алкогольдің кесірінен адам өлтіру, өзіне қол жұмсау сияқты бақытсыз жағдайлардың 50 пайызы осыдан келіп туындайды. Адамдар «мәдениетті» ішіп жатырмын деп ойлайды, бірақ, өкінішке орай, алкогольдік тәуелділікке қалай салынып кеткенін білмей де қалады. Тәуелділік процесінде ағзаны арақ жеңе бастайды да дозаны көбейтуді қалап тұрады.
Алкогольдің кесірінен мынадай асқынулар пайда болады:
- депрессия;
- суицидтік тенденциялар;
- құрысулар;
- галлюцинацияның пайда болуы;
- депрессиялық күй;
- мидың қан тамырларының зақымдануы;
- жүрек пен өкпеге зиянын тигізеді.
Белгілі бір ферменттің әсерінен біздің денемізде бауырдың және басқа органдардың жасушалары алкогольден пайда болатын ацетальдегид деген заттан соң кемиді. Негізінде алкогольді сусындардың калориясы жоғары болады. Осыдан адам оған тәуелді болып көбірек ішеді және тамақты аз жейді. Қан құрамында алкоголь бар заттар қатерлі ісік, подагра, инсульт сияқты және ауруларды тудырады. Сондай-ақ пневмония, туберкулез, өкпенің әртүрлі созылмалы және жедел аурулары, аритмия, анемия, кардиомиопатия, бауырдың алкогольдік циррозы секілді қауіпті сырқаттарға шалдықтырады.
Қоғамда болып жатқан қылмыстар мен қателіктердің біразы арақ ішіп, мас күйінде жасалады. Ол біріншіден ауруға, отбасының, тағдырдың бұзылуына, жоқшылық-таршылыққа, небір таланттардың жойылып кетуіне өзінің кесірін тигізеді. Алкоголь тұтынып, мас болу мынадай жағдайларды тудырады: кісі өлтіру, жол қозғалысы ережелерін бұзу, жыныстық зорлық-зомбылық, отбасының бұзылуы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың берілу жағдайлары, жоспарланбаған жүктілік. Осы аталған қайғылы да өкінішті жағдайларды қалай жоюға болады және оның жолдары бар ма? Әрине, бар. Ол үшін әлеуметтік желі, радио-телевидение, газет-журналдарда алкогольдің зиянын егжей-тегжейлі түсіндіріп және салауатты өмір салтын әрдайым насихаттайтын жарнамалар беріп, қоғамдағы әрбір адамның санасына құю арқылы ғана алдын алып, кемітуге болады.
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ













