«Almaty Business – 2025» жобасы жүзеге асуда

«Almaty Business – 2025» жобасы жүзеге асуда

«Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында «Алматы» ӘКК-нің еншілес компаниялары – «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ ЖШС арқылы 36,3 млрд теңгеге 656 жоба қаржыландырылды.

Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындарға бизнесті бастауға немесе дамытуға 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен қарыздар берілді. Өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған жобалар, креативті индустрия, шағын өнеркәсіптік парктер (ЖПП) жобалары, сондай-ақ Алматының арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының аумағында іске асырылатын жобалар қарауға басым болып табылады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Almaty Finance және «Almaty» МҚҰ қала бойынша 4,5 млрд теңге сомаға 55 жобаны қаржыландырды, осы жобалар аясында 348 жұмыс орнын (690 жұмыс орны) құру көзделуде. Шағын өнеркәсіп парктерінің құрылысын қаржыландырумен қатар, бизнесті дамытуға арналған қарыздарды өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер алды. Сондай-ақ, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2019 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін 36,3 млрд теңге сомасына 656 жоба қаржыландырылды, 2 716 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген бюджеттен 25,3 млрд теңге қайтарымды-револьверлік қаражатты пайдалану есебінен 36,3 млрд теңге сомасына қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін «Алматы» ӘКК Almaty Finance және «Almaty» МҚҰ арқылы «Almaty Business – 2025» аясында қаржыландырудың жалпы көлемін 42 млрд теңгеге дейін жеткізу, кемінде 5 млрд теңге сомаға жобаларды қосымша қолдауды жоспарлануда. Анықтама: 2024 жылы Almaty Finance несиесінің ең жоғары сомасы 500 млн теңгені, ал «Almaty» МҚҰ-да 73,8 млн теңгені құрайды.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА, Алматы қаласы
12.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 50
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 578
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 692
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 616

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367