Жауабы: Кемертоған ауылының жаңа құрылыс алқаптарының көпшілігі елді-мекен шекарысынан тыс жерде болуынан және ол жерлерде мемлекеттік электр желілері болмағандықтан, электр жүйесі жекеше түрде жүргізілген.
«Калелова» ЖК-нің электр желілері бойынша Алматы облысының табиғи монополияларға қарсы департаментімен 250 мың теңгеге және Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан 95 мың теңгеге электр энергиясын тұрғындарға бекітілген тарифсіз тасымалдау және қызмет көрсету сапасы бойынша айыппұл салынды. «Калелова» ЖК тарифтер бекіту мақсатында Алматы облысы табиғи монополияларға қарсы департаментіне құжаттары тапсырылды.
Жауабы: Кемертоған ауылының 17 кварталында 30-дан астам тұрғындарға «Калелова» ЖК ауыз сумен қамтамасыз етуде. Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы аталған мекеме тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 69 мың теңгеге айыппұл салынды. «Калелова» ЖК ауыз сумен қамтамасыз жүйесін заңдастыру мақсатынды құзырлы мекеме тапсырды.
Сонымен қатар, Кемертоған ауылының су құбыры желілерін жаңғырту және қайта салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 12,9 млн. теңге бөлініп, «Ред Лайн Про» ЖШС-мен әзірленуде. Жобаның аяқталуы ағымдағы бірінші жарты жылдығына жоспарлануда. Аталған жоба аясында Кемертоған ауылының 17 кварталын қамту қарастырылған.
Жауабы: Интернет мәселесі бойынша «Alma TV» АҚ мен «Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі екі жақты келісім шартқа отырып, Іргелі, Кемертоған, Көксай ауылдарына жер үсті және аспалы талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жауап: Кемертоған ауылының ұзындығы 4,7 км құрайтын МТФ-ға барар жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттамасы жүргізіліп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Қаражаттың бөлінуіне байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жауап: Кемертоған ауылында күніне 50 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория салу мақсатында ауылда 0,30 гектар жер телімі бөлінді, 2024 жылға мемлекеттік жеке серіктестік жобасы арқылы іске асыру көзделуде.
Жауап: Округ бойынша 61 көшеге атау беріліп, қазіргі уақытта Облыстық әділет басқармасына тіркелді. Сонымен қатар тұрғын үйлердің реттік нөмірлерін дұрыстау бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен тиісті жұмыстарды жүргізуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жоспарлануда.
Жауап: Кемертоған орта мектебінде 5000-нан аса бала үш ауысымда білім алуда. Үш ауысымды білім алуды жою мақсатында Кемертоған ауылының солтүсітік бөлігі жағынан 3,0 гектар жер телімі бөлініп, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1500 орындық мектеп құрылысы басталды.Мердігер мекеме «BI Group» ЖШС-і.
Сонымен қатар, Іргелі ауылында 2000 орынға арналған мектептің құрылысын «Адвенто» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыстардың аяқталуы 2024 жылдың соңына жоспарлануда.