Алматы су тасқынына дайын ба?

Алматы  су   тасқынына   дайын ба?

Елімізде жыл сайын қардың күрт еруінің салдарынан көктемгі су тасқыны қаупі бар. Әсіресе соңғы уақытта Оңтүстік аймақтардағы ауылдардағы су тасқыны оған дәлел. Дегенмен ақпан айының басында Түркістан облысындағы 5 елді мекенде су                 тасқынының алдын алды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Түркістан облысында су тасқыны қаупі жойылды.  Арыс пен Сырдария  өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істеп тұрған 14 су бекетінің жұмыстары жалғасуда. Бұндай қауіп Алматы қаласында да бар. Осыған орай 14 ақпан күні Алматы әкімі Ерболат Досаев түрлі қызмет пен ведомство өкілдері қаланың көктемгі су тасқынына қаншалықты дайын екенін талқылады. 

Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» қызметкерлері күн сайын қаланың барлық ауданындағы су айдынына, өзен арнасына мониторинг жүргізеді. Департамент мәліметінше, Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарғалы, Ақсай, Жарбұлақ, Тіксай өзеніндегі жағдай тұрақты. Судың іркілуі мен мұздар жоқ, су кедергісіз ағып жатыр, сел жүрмейді деп болжанып отыр. 

Еріген қар суы мен нөсер жаңбырдың ағып кетуі үшін қалада арықтар тазартыла бастады. Қар, мұз және қоқыстан 765 км арық желісі тазартылды, бұл – жоспардың 57,5%. Бұл жұмыс ақпан айының соңына дейін аяқталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖМ бөлімшелерінен, Азаматтық қорғау қызметтерінен және әкімдіктің мердігерлік ұйымдарынан топ құрылды. Оның құрамында 2 581 адам және әртүрлі мақсаттағы 1 078 бірлік техника бар. Күн сайын қаланың барлық ауданындағы су айдындарына, өзен арналарына мониторинг жүргізіледі. ТЖД мәліметінше, Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай, Қарғалы, Ақсай, Жарбұлақ, Тіксай өзендеріндегі жағдай тұрақты. Судың жиналуы мен мұз жоқ, су кедергісіз ағып жатыр, сең жүрмейді деп болжануда. Су тасқынының алдын алу үшін қала басшысы арық желілерін тазарту бойынша жұмысты бір аптада аяқтауды тапсырды. Экология және қоршаған орта басқармасы су басуға бейім учаскелер бойынша мониторинг жүргізіп, 102 учаскені анықтады. Оның ішінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл жүргізуді талап ететін, су басуға барынша бейім 56 аумақ анықталды. Қазір бұл жұмыс 92%-ға орындалды, олар 31 наурызға дейін аяқталады деп жоспарланған. 2023-2024 жылдары 376 км арық желісін салу және жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру аясында қалған 46 аумақты су басу мәселесі шешімін табады. 

 

РАУАН МУТАИР
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 191
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499