Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов: «Алматыда бірден 2 оқ-дәрі қоймасы табылды. Медеу ауданына қарасты Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 патроны табылды. Екінші қойма Алатау ауданынан табылды. Құлаған ағаштың тамырына «Макаров» тапаншасының 40 патрондары салынған полиэтилен пакеті жасырылған. Табылған оқ-дәрілер осы жылдың қаңтар айының басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. 2 дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық Полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді.