Алматыда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендемей тұр

Алматыда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендемей тұр

    КВИ таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында: «Алматыда коронавирус жұқтыру 10,5 мыңнан 10,9 мың жағдайға дейін өсті. Мегаполисте симптомды аурулардың үлесінің артуы байқалды, ол соңғы аптада 94,2 пайызды құрады. Бүгінде ковидтік стационарларда 6 602 адам жатыр, оның 182-сі бала. 300-ге жуық науқастың жағдайы өте ауыр, тағы 464-і реанимацияда, 2511-інің халі нашар. 20-39 жас арасында дертке шалдыққандар деңгейі жоғары — 33,5%, 40-59 жас арасында — 25,2%, 60 жастан асқандар арасында — 23, 1%. Қалған 18% — балалар мен жасөспірімдер. Коронавирустың таралуына әсер ететін факторлар – туыстармен, достармен және жұмыстағы байланыс. Бүгінде Алматыда КВИ инфекциясын жұқтыратын орындар: сауда объектілері — 32%, отбасылық байланыс — 16%, қоғамдық көліктер — 17,1%, базарлар — 13%. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, құқықбұзушылық азаймай отыр. Кейбір Алматы тұрғындары барлық талаптарды елемей, түрлі мерекелер ұйымдастырып, бұқаралық шаралар өткізеді. Осылайша, қала тұрғындары өздерінің денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіруде. Амбулаторлық емделетін науқастардың өзін-өзі оқшаулауына ерекше назар аудару қажет. Індет жұқтырған 143 030 науқас мобильді бригада мен телемедицина орталығының бақылауында»,— деген дерек айтылды.

Ермек Сахариев
25.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 361
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 202
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 280

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23655
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23306
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39888
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36782
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40964