Алматыда жаңадан екі білім ордасы ашылды

Алматыда жаңадан екі білім  ордасы ашылды

Алматы қаласы Алатау ауданының «Ботакөз-2» ықшамауданында және Наурызбай ауданының «Достық» ықшамауданында жаңа мектептер ашылды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, № 208 және № 209 мектеп-гимназияларында бір ауысымда 1500 оқушыдан білім алады. Наурызбай ауданында орналасқан № 208 мектеп-гимназиясындағы 37 сыныпта 960 бала оқитын болады. Сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. № 209 мектеп 2851 оқушыға арналған, мұнда 109 сынып бар. Білім мекемесінде сабақтар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. «Жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде білім ошақтарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулетімен, жан-жақты ойластырылған кеңістік дизайнымен, кең сыныптары және қоғамдық кеңістігі бар эргономикалық интерьерімен ерекшеленеді. Мектептердің оқу кабинеттері интерактивті панельмен, «ақылды» тақтамен және заманауи үлгідегі жиһазбен жабдықталған. Спорт залдардың төбесі мен қабырғасы дыбыс өткізбейтін панельмен қапталған. Бұл спорттық іс-шара өткізу кезінде өте ыңғайлы, дыбысты оқшаулайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балаларының мектепке кіріп-шыққанын біліп отырады».

Рауан МУТАИР
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5335
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5492
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20459
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19090
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22551