АЛМАТЫЛЫҚ АССАМБЛЕЯЛЫҚТАР ӘРҚАШАН БЕЛСЕНДІ

АЛМАТЫЛЫҚ АССАМБЛЕЯЛЫҚТАР ӘРҚАШАН БЕЛСЕНДІ

Ассамблеяның негізгі міндеттері – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету. Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Бүгінде Алматы қаласында Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде. Алматыда М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік Ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры және де Республикалық неміс драма театры қызмет етеді. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық қатынастар саласында өз жұмысын мемлекет басшысының Ассамблея сессияларында белгіленген халықтың бейбітшілігін, патриотизмін сақтауға, сондай-ақ Алматы қаласы аумағында тұратын этностардың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттауға бағытталған стратегиялық міндеттермен тығыз байланыста жүзеге асырады. Алматы – бір миллион сегіз жүз мыңнан астам халқы бар, елдің ірі мегаполисі. Қалада жүз отызға жуық этнос өкілдері тұрады. Алматы қаласы тұрғындарының этникалық құрамының басым бөлігін келесі тоғыз ұлт құрайды: қазақтар – 1 072 694 (59,52 %), орыстар – 469 614 (26,06 %), ұйғырлар – 98 468 (5,46%), кәрістер – 33 410 (1,85 %), татарлар – 24 474 (1,35 %), украиндар – 10 577 (0,58 %), әзірбайжандар – 12 797 (0,71 %), өзбектер – 11 691 (0,66%), дұнғандар – 9 829 (0,54 %). Сондай-ақ немістер – 7 499 (0,41 %), түріктер – 9 394 (0,52 %), қырғыздар – 8 306 (0,46 %), ингуштар – 2 734 (0,15 %), шешендер – 2 844 (0,15 %), күрдтер – 3 799 (0,21 %), армяндар – 2 214 (0,12 %), белорустар – 1 609 (0,08 %), басқалары – 20 040 (1,11 %).

 Мегаполис аумағында 19 республикалық және 37 қалалық этномәдени бірлестіктердің орталық кеңселері орналасып, жұмыс істеп отыр. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді (37 қалалық этномәдени орталық). Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту шеңберінде Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мен жұртшылығының қатысуымен, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қала және республикалық этномәдени бірлестіктері қоғамды біріктіру, толеранттылықты, қоғамдық келісімді, бейбітшілік және жақсылық идеясын дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайын халықтық мерекелер – Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Қалада этникалық топтардың өкілдеріне ана тілін үйретуге арналған 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, оларға жергілікті бюджеттен көмек көрсетіліп, Алматы қаласының әкімдігі қаржы бөледі. Қаланың 7 ауданында Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Кеңестер қызметінің негізгі мақсаты: әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы үшін жағдай жасау, Алматы қаласы аудандары тұрғындарының қоғамдық келісімін қамтамасыз ету, ұлт бірлігінің негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қазақ халқының біріктіруші рөлі кезіндегі жалпы құндылықтарды нығайту. Алматы қалалық ЭМБ қоғамдық келісімді нығайтуға арналған мемлекеттік және қалалық мерекелерге, фестивальдарға, конкурстарға, дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады. Алматы қалалық ҚХА Хатшылығының және этномәдени бірлестіктердің бастамасы бойынша балалар, тұрмысы төмен және мұқтаж адамдар үшін қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 867
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6936
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10773
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7007
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7147