Алматылықтар Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етуде

Алматылықтар Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етуде

    Алматы тұрғындары Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап етіп, петицияға қол қойып жатыр. Оған бірнеше сағат ішінде 7 мыңнан астам қол жинады. Петиция Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған.  Алматы қаласының тұрғындары қол қойған петиция авторлар: «Сағынтаев өз өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмады. Ол ең қиын күндері қала тұрғындарына моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қолдау көрсетпеді. Ол тіпті қарапайым эфирге шығып, алматылықтарға үндеу айтып, қолдау көрсетпеді. Біз әкімді 8 қаңтарға дейін көпшілік алдынан көрмедік. Бізді қала әкімінің қазіргі әрекеті мен бұған дейінгі әрекетсіздігі қынжылтады. Сағынтаев мырза, тұрғындардың қоғамдық кеңестегі белсенділігіне, сондай-ақ қала үшін басты құндылық – балалар мен жақындарымыздың қауіпсіздігін алға қоймағанына қарамастан, өзінің күн тәртібі бойынша жұмысын жалғастыруда. Әкім мырза ең қиын сәттерде басшы ретінде өзінің дәрменсіздігін көрсетті деп ойлаймыз. Пандемия кезінде де, террористік шабуылдар кезінде де солай болды», – деп жазады. Белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматыға жаңа әкім сайлауды сұрап: «Алматы әкімі лауазымына ашық сайлау өткізу уақыты келді деп есептейміз. Егер бұл мүмкін емес деп санасаңыз, онда сізден туған қаласының мұқтажын жақсы білетін және оңтүстік астана тұрғындарының қолдауына ие болған нағыз алматылықты қала әкімі лауазымына тағайындауыңызды сұраймыз», – дейді петицияда. Бақытжан Сағынтаев Алматыны 2019 жылдың маусым айынан бастап басқарып келеді.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 68
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 70
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 175
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 175
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 539
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 487

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800