Алқап көшелері самаладай жарқырады

Алқап көшелері самаладай жарқырады

Осыдан бір жарым ай уақыт бұрын қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Арай» алқабының тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесу барысында тұрғындардың басым көпшілігі көше жарығы мәселесін қозғаған еді. Шаһар басшысы аталмыш мәселені тікелей назарына алып, мүмкіндігінше ертерек шешуге сөз берген. Енді міне, айтылған уәде орындалып, тұрғындар самаладай жарқыраған көшемен емін-еркін жүруде. Бұл іске арайлықтар да дән риза.
– Біз тұратын Шота Руставели көшесінде жарық болмағандықтан, балаларымыз сабақтан үйге оралғанша жанымызды шүберекке түйіп, алаңдайтынбыз. Кейде өзіміз алдарынан шығып күтіп алатынбыз. Балалар тұрмақ, ересектердің өзі түнде тас қараңғы көшемен жүруге қорқатын. Сол себепті осы көшені жарықтандыруды талай мәрте өтіндік. Соның енді реті келіп, көшелеріміз жарқырап тұр. Бұл үшін шаһар басшылығына айтар алғысымыз шексіз, – дейді алқап тұрғыны Қымбат Зиятбек.
Тағы ерекше атап өтерлігі, мұндай игілікке тек арайлықтар ғана емес, «Шалғай Қарасу» алқабының тұрғындары да қол жеткізді. Қазір аталмыш алқаптағы 24 көшеге жарық шамдары орнатылып, халық игілігіне қызмет етуде.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ, Жамбыл Тараз
03.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13908
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13861
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28994
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27651
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31163