Алқап тұрғындарының көптен күткен қуанышы

Алқап тұрғындарының көптен күткен қуанышы
 
Тараздағы Шөлдала, Химик алқаптарының тұрғындары үшін көптен күткен жағымды жаңалық. Енді мұндағы тұрғындар 25 қарашадан бастап электр энергиясының 1 кВт-на 15,05 теңгеден төлейді. Бүгінде тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстары басталды. Айта кету керек, жарыққа қарызы жоқ үйлер алдымен абоненттеледі. Осы орайда халыққа тағы бір жеңілдік — бұған дейін қордаланған қарызы барларға бөліп төлеу де (рассрочка) қарастырылды.
Демек, халық тұтынатын электр энергиясы желілерін қалалық әкімдік өз жауапкершілігіне алды. Абоненттеу жұмыстары аяқталғанға дейін жарыққа төлемақыны әкімдік тарапынан бекітілген мамандар жинайтын болады. Абоненттеу 100 пайызға аяқталған соң, “АСКУЭ” есептеу құрылғысы орнатылып, азаматтар түрлі қосымшалар арқылы төлемақы жасауға мүмкіндік алады.
Қалаға қосылғалы бері осы аумақ тұрғындары үшін орындалмастай болып келген бұл мәселе шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың “ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ” ЖШС басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде іске асты.
Бұл туралы тұрғындармен осыған дейінгі 2 кездесуде уәде берілген еді. Бүгін сол уәденің сөз жүзінде қалып қалмай, іске асқанына халық дән риза.
Қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде тағы бірнеше мәселелер ортаға салынды. Бұл туралы толығырақ әкімдік парақшасынан оқи аласыздар.
Бастысы барлық мәселе жүйелі түрде, кезең-кезеңімен шешімін таппақ.
27.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 68
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 76
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 378
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 362

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18278
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18137
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33327
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31881
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35619