Алтай тау – Абақ керей

Алтай тау – Абақ керей

Ағажай Алтайдай, жер қайда

Халық әні

 

Өр Алтай жерім Құлжадай 

Көңілім сізді болжадай

 

Қалман Ахытқажыұлы

Менің әкем Алтайдың Көктоғай жерінде туып азамат болғансың туыс туғаныңмен Моңғол еліне ауып келіпті. Әрбір кезде қайран Алтайды көретін күн болса деп көзінің алды суланып отырушы еді.

Жеке менің әкем емес сол кездегі біздің ауылдың көне көз қарттарының кез келгені қайран Алтай деп көңілдері туған топыраққа ауып, беу-беулеп отырушы еді. Бүгінгі таңда тарыдай шашыраған қайран қазақтың ұрпақтары Алтай тауының төрт жағында да күн кешіп жатыр. 

Міне осы Алтайды басқаға бермей, барынша қорғап қалу үшін, ата бабамыздың қаншасының қаны төгіліп, ұрпақ үшін ұлт үшін құрбан болғандықтарын біріміз білсек біріміз біле бермейміз. 

Ховда аймағының Бұлғын жерінде (Хасгийн яс) деген бір жер бар, қазақшасы Қазақтың сүйегі-деген бір төбе бертінге дейін болған деседі. Осы өлген адамдарды әрбіреулер он- онбір мың адам депте айдады. Көбісі әйелдер мен балалар.Ішінде Ақтеке би, Қарт үкірдай, Ноғайбай деген кісілерде бар. Ноғайбай үкірдай Иліңгір көтерілісінің  қолбасшысы. Азаматтарды ат азықпен қанымдап, ақыл кеңес беріп отыратын кісі еді. Қытайға қарысы көтеріліс ашып, ел жұртын қоғаған, соның ішінде  Алтай жерін басқыншылардан қорғаған кісілердің бірі де бірегейі Оспан батырдың атын атамау, ұлтқа күнә ұрпаққа сын. 

1952 жылы Алтайдан біздің әкеміздің ағасы Жота деген кісі Монғолияның Ховда бетіне қоныс қашып келіпті.

Алтайда жау жар болып кетті, бала шаға үйішім бәріде жау қолынан қаза тапты.  Өзім жан сақтау үшін мұндағы туыстарға келдім – деді ағамыз. 

Бұл кісі Ховда бетіне өткен соң бір жарым жыл Монғол түрмесінде отырыпты. Осы жерде Жота ағамыздың туыстарының тұратындығына көздері жеткен, жергілікті билік түрмеден босатып менің әкеме сен ие боласың деп, бар жауапкершілікті жүктей отырып  қолына тапсырған екен.

Ол кезде ол кісінің жасы 60-тың үстіне шыққан еді. Бұл кісі Оспанның немере апайын алған жездесі екен. Оспанды жағалап жансақтап жүріп едім, ол кісі ұсталған соң осы жаққа кетуіме тура келді

Екі ержеткен балам бар еді. Олар үнемі Оспанмен бірге тұрып, бірге жүретін. Оспан ұсталғанда оларда қолға түсіпті. Қытайлар екеуінде атып өлтіріп, ауылға кимін беріп жіберіпті -  деп ауыр күрсініп әкеме айтып отырғанын естіген едім. 

Бір күні 16 -17 жасар бір жас бала келіп Оспан шақырып жатыр-деді. Бұл Осапан ұсталудан екі жыл бұрын болған оқиға. 

Оспан сырта тұр екен. 

Сәлем бердім.
Сәлем алды.

Жүзінде абыржу бар ма қалай?- деп ойладым. 

Сәлемнен кейінгі сұрағаны мылтық ата аласыңба ?- деді. Мен мылтық атпақ түгілі ұстап көрмегенімді айттым. 

Менің неге шақырғанымды біліп тұрсыңба? –деді.  Жоқ- бадыр –дедім.
Менің жігіттерім анда – мында кетіп азайып қалды. Соын біреу жеткізген ғой. Оспанды ұстаймыз деп. Қытай билігі 200-дей әскері аттаныпты. Соның алдынан шығамыз

Мен батырдың бұл сөзінен сескеніп қалды.  Ойбай-ау Көк бөрте 200 әскерге қалай төтеп бермекпіз- деді. 

Ал Оспан батыр болса менің қорқынышымды сейілтіп, көтеріңкі дауыспен, қабағы түйіле 

Үндеме бекер өлсең бейітсің.

Майданда өлсең шейітсің – деді. 

Осан батыр, және қасында екі нөкері. Бұл топқа мен қосылып ұзын санымыз төртеу болдық. Оспан батырдың жетегінде үсіне асық – түлік, оқ сайман, қаружарақ артқан аты бар. 200 –әскерге төтеп бермекке төртеулеп жолға шықтық.  Біраз жүрген соң, маған 10-15 шақырым жердегі Дақай деген кісінің үйіне қоныңыз. Ол кісі жан –жақтан хабар алып отырады. Менің жібергенімді айтпаңыз. Ертең таң ағарып атысымен Шәкір бейітінің қасындағы төбеде жолығамыз. Хат хабар күтем- деді де бұрылып өз бағыттарымен кете барды.

Қас қарайа менде Дақай ақсақалдың үйіне келдім. Аман сәлемнен кейін құдды бір тергеушідей Дақай шал маған қарай сұрақтарын қарша боратты. 

Қайдан жүрсің?

Ауылдан жоғалған түйелерімді іздеп.

-Оспанды көрдің бе? 

Жоқ 

Оспанды ұстауға 200 әскер шығыпты естіген шығарсыңдар? 

Жоқ ондай ештеңе естімедім.

Ендеше Осапнаға кезіксең айт,  ат көлігіне абай болсын. 200 әскерден бөлек арнайы 20 жасақ Оспанды тосқауылдаға кеткендігін айтты. 

Таң біліне батырдың кел деген жеріне келсем, ол жерге бір сарбазды қалдырып кетіпті.  Сол сарбазбен бірге біраз жүріп Оспан батырға келдік. Кешегідей емес қасындағылардың қарасы көбейіп қалыпты. 

-Менен не хабар алдың деп сұрады.

- Мен сізді ұстауға 200- дей әскер шығыпты дедім. 

- Менің бұл жаңалығыма онша қанағаттана қоймады – сәл езуін тартып жымиды да қойды. 

Алғаш рет байқадым, көзінің айналасы қызарып, жанарынан кекті оттың жалыны бұрқырап тұрғандығын. Қимылы да кек алу үшін шыбын жанын шүбереке түйіп,  жан алысып жан берісуге, бекінгенін аңғартады. 

Бұрындары ел арасында бұл кісінің екі баласын кескілеп, өлтіргендігі жайлы естігенім бар еді. Мүмкін сол жағдай дәл қазір есіне оралып тұрғанда шығар  деп ойладым.  

Міне осы кездесуден кейін мен Оспан батырды қайтып көрмедім. Тек бір жылдан кейін ұсталыпты –дегенді естідім деп отырушы еді. 

Еліміз тәуелсіздік алған  күнге дейін қазақтың көргенінің бәрі бейнет көшіп қонып, тау тасты мекендеп, бірде әлде біреулерден тығылып бой тасалап күн кешті. 

Бүгінде тау – тасты мекендеп, тоғайды жағалап жүрген қазақ жоқ, қазақтың бағы жанды, көктуы желбіреген отаны бар, Нұрсұлтандай патшасы бар. Отан дегенде оайға халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырзаәлиевтің мына бір өлең жолдары оралады.

Бұл уақыттың ашылу толғағы ма?

Тегенесі төзімнің толғаны ма?

Не жетеді шіркін-ай не жетеді.

Қайта оралар отаның болғанына.

Бұл өлең жолдары шетте жүрген біздердің жүрегімізді балқытады. Аллаға тәубе бүгіндері шете жүрген шашыраған қазақтың жиналам барам десе отаны дайын. Қазақ елі бүгінде әлемдік сахнада бір ауыз сөзін ешкімнен сескенбей  кеудесін керіп, басын көтеріп айта алатындай дәрежеге де жетті. Кез- келген адам үшін бұл өмірдегі бар қымбатыда отаны. Ата бабамыздың киелі қонысына дүниенің әр шетінде жүрген қазақ баласы көш түзеді. Сол ұлы көштің ішінде Алтайдың көп ұланы, көп түні бар. Артында Асқар Алтай тауы қалды. Абақ керейден бөлініп 380 жылдай мекен еткен жеру суын, ата –бабасының зираты туған топырағын қиып кету оңайға түскен жоқ.

Қазір ағайын туыс шекараның екі жағында қалып, екі елдің арасында сандалып шуап жүргенінің куәсі болсып жүрміз.  Алтайды мекен еткен ағайынның көрген қиыншылығын Әкетай Мүбаракұлы  өзінің «Киелі көш» романында жан –жақты баяндайды.

Бүгінде қанды оқиға қуғын сүргіннің ішінде болған қарт ата-әжелеріміз 80 –нің сеңгіріне шығып отыр.  Сөз соңында айтайын дегенім Алтайын халқын қорғаған батырлардың аты аталмай топырағы тозып барады.Сол кісілерге арнап белгі орнату бізге аманат емеспе ағайын. 380 жылдық Абақ керейдің өмірі әліде толық зерттеле қойған жоқ. 

Әттең Алтай керейдің иелігіне өтетін күн туарма екен? қазір оқпен сөйлесетін Оспан батырдың заманы емес жүйелі зерттеулермен, ел аралық келіс сөздер арқылы  шешуге болар. Алтай тау Абақ керей бір бірінен айырылмайтын атауғой бір – бірінен қалай  айырылып қалады.

Монғолия Баян - Өлгей аймағы Бұлғын сұмынының тұрғыны Матай Асхан
12.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 98
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 132
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 133
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 98
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 242
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 458
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 420

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9119
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8516
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11744
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9512
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10725