«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі»

«Алты Алаштың баласы бас қосса,   төр – мұғалімдікі»

Құрметті ұстаздар қауымы!

Білім саласының ардагерлері!

Сіздерді  5 қазан күні аталып өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі», – деп, Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұстаздың орны әрдайым төрде болмақ! 

Мұғалім – мамандық болғанымен,  ұстаздық – ұлы қасиет. Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде, білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заман талабына сай жабдықтау білім саласын дамытуға жасалған  үлкен қамқорлық деп білеміз!

 Бүгінгі оқушы  – ел ертеңгі!  Олай болса, құрметті ұстаздар қауымы, ел ертеңі сіздердің қолдарыңызда тұр! Аманатқа адал болатындарыңызға сенеміз!

 

Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

Ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті ұстаздар  жайлы үнемі жазып келеді. Алдағы уақытта да жаза бермек. Биліктің қолдауымен шалғайдағы  ауыл-аймаққа, елді мекендерге жылда экспедицияға шығамыз. Биыл да   «АУЫЛ ТАҒДЫРЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты «AMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Ауыл» партиясы, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ, халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясы Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында экспедицияға шығады. Бұл сапарда да ауыл мектептері біздің назарымыздан тыс қалмайды. Ауылдағы ұстаздар жайлы арнайы очерктер мен мақалалар жарық көреді. 

Осы нөмірімізде бірлескен экспедицияның бүкіл ауыл тұрғындарына Үндеуі жарияланып отыр. Онда ауыл мектептерінің хал-ахуалы да тілге тиек етіледі.

 

Құрметті ұстаздар!

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға», – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті, жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқан екен. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай келе, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық өрлеу мен табыстар тілейміз!

 

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» 

қоғамдық-саяси газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналы ұжымдары

 

03.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 39
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 49
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 363
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 353

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18266
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18123
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33313
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31867
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35601