«Алтын доп» жеңімпазы анықталды

«Алтын доп» жеңімпазы анықталды

Осыдан бірер апта бұрын Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында футболдан «Алтын доп» атты  турнир бастау алған болатын.

Аталған сайысқа мектеп оқушыларынан құралған 22 команда қатысуға тілек білдіріп, 5 аймаққа бөлініп теңбіл доп тепті. Солардың ішінен суырылып  С.Шәкіров, Төле би, Ш.Уәлиханов, Д.Қонаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Жібек жолы, Б.Момышұлы, Жамбыл, № 40 мектептері ширек финалға жолдама алды.

Ширек финалда ойнау құқына ие болған №40 мектеп-лицейі, Б.Момышұлы, Д.Қонаев, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептері Шу қаласындағы «Қайрат» стадионында жүлделі орындарды сарапқа салды.

Ақтық ойында алғашы боп алаңға шыққан Б.Момышұлы мен Д.Қонаев атындағы мектептердің  шәкірттері ойнап, негізгі ойында тең түсті. Соның нәтижесінде пенальти ойнатылып, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары финалға жолдама алды. Екінші ойын Ш.Уәлиханов пен №40 мектеп-лицейі арасында өтіп,  қалалықтардың мерейі үстем болды.

Тартысты ойын нәтижесінде №40 мектеп-лицейі бірінші орынға ие болса, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары турнирдің күміс жүлдегері атанды. Сол секілді Б.Момышұлы үздік үштікті түйіндеді. Ал, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің аяқ допшылары белсене қатысқаны үшін Алғыс хатқа лайықты болды.

Сонымен қатар жарыс соңында белбасарлық Жақсылық Үшкемпір үздік қақпашы, жаңажолдық Мейіржан Төлепберген үздік қорғаушы, шулық Ескендір Сейділдә үздік жартылай қорғаушы, қонаевтық өрен Форман Таштанов үздік шабуылшы номинациясын иеленіп, бағалы сыйлықтарға қол жеткізді.

Жеңімпаздарды Шу ауданы әкімінің аппарат басшысы және Әдеп жөніндегі уәкіл Нариман Абай құттықтап, орталық директоры Ғани Қойбағаровпен бірге үздіктерді марапаттады.

-Сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұдан кейін де спорттық шараларда белсенді болуға шақырамын. Себебі спорт- саулық кепілі.  Оның денсаулығымызға пайдасы орасан.

Биыл аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлының басшылығымен 13 шағын футбол алаңы салу жоспарланған. Оның 9-ы пайдалануға берілген. Қалған нысандардың ел игілігіне беретін күн жақын,- деді Нариман Жетпісбайұлы.

Биыл аудандық ЖРО ұйымдастыруымен алғашқы мәрте  өткізілген «Алтын доп» турнирі дәстүрге айналатын болады. Ұйымдастырушылар доп додасының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан аудандық білім бөліміне де алғыстарын білдіруде.

Байжан ЕМБЕРДІ, журналист. Шу ауданы
25.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1169
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7216
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11080
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7281
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7427