Алтын құрсақты аналардың қуанышы

Алтын құрсақты аналардың қуанышы

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов шаһардағы көпбалалы аналарды қабылдап, оларға алтын және күміс алқаларын табыстады

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі баяндады. Атап айтқанда, мұндай құрмет оралдық он үш анаға көрсетіліп, олардың төртеуі «Алтын алқа» алса, қалған тоғызы «Күміс алқаның» иегері атанды.

Алтын құрсақты аналарға марапаттарын табыстаған қала басшысы Миржан Мұнайдарұлы:

– Бұл – аналарымыз үшін ең лайықты марапат. Сіздерді жерлестерімізге үлгі етеміз. Еліміздің демографиялық ахуалын көтеруге үлес қосып, бала тәрбиесімен жан-жақты айналысып, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына себепші болып жүрсіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін, – деді.

Жиын барысында көпбалалы аналар да уақыт бөліп құттықтаған қала әкіміне өз ризашылықтарын жеткізді. Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орал қаласы бойынша жыл басынан бері тоғыз ана «Алтын алқамен», 58 ана «Күміс алқамен» марапатталған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
11.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 71
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 79
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 381
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 575

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18282
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18140
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33331
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31883
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35622