Алтыннан алқа тағынды

Алтыннан алқа тағынды
Жуырда Астана қаласында 2010-2014 жылдар аралығында туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдодан Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектеп жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 600 өрен қатысып, түрлі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады.
Дүбірлі додада байрақты бәсекелерде топ жарып, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары Аружан Сүйінбек, Сезім Сланбек, Адия Беркімбай, Аяла Амангелді бозкілемде жасындай жарқылдады.
Өз салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмеген Аружан Сүйінбек (26 келіде), Сезім Сланбек (29 келіде), Аяла Амангелді (+44 келіде) алтыннан алқа тағынса, ақтық сында қарсыласына жол берген Адия Беркімбай (33 келіде) күміс медальды иемденді.
Бапкер Аңсар Төлебаевтың шәкірттері 20 күн ішінде екінші рет қатарынан республикалық турнирде жеңіс тұғырының биік сатысынан көрініп, ауданымыздың намысын абыроймен қорғағанын айта кеткен жөн.
Жамбыл ауданы әкімдігі
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 334
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 326
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 181
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 479

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18243
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18103
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33292
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31841
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35557