ALTYNSARIN INSTITUTE ШАХМАТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЕНГІЗУДЕ

ALTYNSARIN INSTITUTE ШАХМАТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЕНГІЗУДЕ

 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында көлемі 9 шаршы метр кеңістікті құрайтын «Шахмат тақтасы» пайда болды. Енді әр студент пен қызметкердің Altynsarin institute фойесінде шахмат ойнауға мүмкіндігі бар. Бұл жаңа оқу жылында жүзеге асырылған ЖОО инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кезекті жоба.

Жаңа локацияны құрудың бастамашысы институт басшылығы болды. Өз сөзінде Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы жаңа орынның маңыздылығын атап өтті.

«Шахматадам ойлауын дамытудың бірегей құралы. Шахмат ойнау интеллектуалды қабілеттерді, логикалық және стратегиялық ойлауды сақтауға көмектеседі, сонымен қатар тәртіпті, салмақты шешім қабылдауға және жауапты болуға үйретеді. Осы қасиеттердің барлығы жоғары технологияларды дамыту және инновациялық жобаларды іске асыру үшін де қажет. Шахмат аумағының жұмысы ғылыми-педагогикалық шығармашылықты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенемін»,деді ол. Ректордың айтуынша, бұл миссияға институттың әр оқытушысы мен студентінің қатысуы өте маңызды.

Алаң жылжымалы шахмат тақтасы болып саналады. Фигуралардың әрқайсысы әдейі жеңілдетілген, тіпті ең әлсіз немесе қарт адам оны оңай көтере алады. Биіктігі 47-ден 100 см-ге дейін өзгереді. Ең биік фигура – Патша.

Сонымен қатар, институт «Шахмат тақтасының» селфи мен фото-бейне түсірілімдерді қоса алғанда, танымал демалыс орнына айналатынына сенімді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда инфрақұрылымдық саясат саласында Altynsarin Institute даму стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – тартымды және функционалды білім беру ортасын қалыптастыру және құру болып табылады.

 

Altynsarin institute Маркетинг және коммуникация бөлімі
06.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14375
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14301
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29444
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28078
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31610