Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының халықаралық ынтымақтастығында серіктес университеттермен академиялық ұтқырлық бағдарламалары ерекше маңызға ие.
2023 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында институттың жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің 3 курс студенттері Prima Vega ірі поляк компанияларының бірінің базасында «Химия-биология» бағыты бойынша халықаралық тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ мен Ломж қаласындағы Халықаралық қолданбалы ғылымдар академиясы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ұйымдастырылды.
Prima Vega – Плоньск қаласында орналасқан дақылдарды өсіру және өндіру инновациялық кәсіпорны. Студент-тәжірибешілер компанияның жұмысымен танысып қана қоймай, оның ұжымының құрамына кірді. Компания студенттерге тәжірибе барысында атқарылған жұмысы үшін тұрақты жалақы төледі, ал тамақтану, жол жүру шығындары кәсіпорын басшылығымен толығымен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, студенттер профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігін, сондай-ақ кәсіпорында жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Тәжірибе барысында олар жеңіл өнеркәсіппен айналысты, көгалдандырудан бастап экологиялық таза жасыл өнімдерді орауға дейін бау-бақшада жұмыс істеді. Студенттердің тәжірибе барысында алған дағдылары мен бейімдері олардың жоғары білікті мамандар ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Кәсіптік практика аяқталғаннан кейін ресми қорытындылар шығып, салтанатты түрде сертификаттар табысталды. «Біз институт пен ректор Ержан Әмірбекұлына кәсіби тәжірибеде жаңа білім мен біліктілік алуға және алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз», – деді студенттер.
Айта кету керек, кәсіби практика – жаратылыстану ғылыми бағытындағы әр студенттің өміріндегі маңызды кезең. Шетелдік компания базасында болашақ ұстаздар жаңа кәсіби дағдыларды меңгеріп қана қоймай, түрлі бағыттар мен университеттердің студенттерімен тәжірибе алмасып, дала жағдайында өз күштерін сынап көрді. Сонымен қатар, олар тек практикадан өту үшін ғана емес, оларды қызықтыратын жекелеген пәндерді оқу үшін келу мүмкіндіктерін талқылады.
Өз кезегінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тұрақты әріптестік пен жемісті ынтымақтастық үшін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Академия ұжымы мен шетелдік компанияның басшылығына алғысын білдіреді.