Бүгін «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, халықты баспанамен қамтудың өзіндік жолын тауып, көпшілікке қуаныш сыйлап жүрген «AMANAT HOME» әлеуметтік бағдарламасының жетекшілерімен кездесіп, екіжақты меморандумға қол қойды. Аталмыш әлеуметтік жоба мен «Qazaqstan dauiri» ЖШС бұдан былай өзара әріптес ретінде, бір-бірінің жұмыстарына қолдау көрсететін болады.
«AMANAT HOME» – Қазақстан Республикасының азаматтарын 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы пайызсыз тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік жоба. Компания 2018 жылы Алматы облысы Талғар қаласында тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өкілдіктерін ашып, табысты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күні «AMANAT HOME» тұтыну кооперативі жылжымайтын мүлікті сатып алуға және пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік берумен айналысып жатыр.
Аталмыш әлеуметтік жоба және олардың атқарып жатқан қызметі туралы газетіміздің келесі нөмірлерінде толық ақпараттармен бөлісетін боламыз.