Амансың ба, қазағым?!

Амансың ба, қазағым?!

Атырау мен Алтайдың арасын,

Ертіс пен Еділдің сағасын,

Арқа мен Алатаудың етегін жайлаған,

Сыр бойына әкеп, малын байлаған,

Амансың ба қазағым?!

Тартқан талай тауқыметтің азабын,

Дәстүрің мен өнеріңді паш етіп,

Көрсетерсің бұл өмірдің әлі талай ғажабын!

 

Ұнжырғаң түсіп жасыма!

Байлығың басыңнан асса да,

Көп алдында тасыма.

Өзгеде бар мен өзіңде жоққа,

Ұнжырғаң түсіп, жасыма.

Шүкір мен тәубе қосылса,

Жақсылық келер жақсыға.

Баға жетпес байлығыңды

Қанағат етіп, Барыңды бағалай біл.

Қаны мен шығарға жаны бір

Ағайыннан алыстамай

Қиын-қыстау кезеңде,

Жаны жайсаң, жүрегі жомарт

Ет-жақындарыңнан жырақтамай

Жағалай біл. Қу дүниені

Қанша қанша қусаң да жеткізбейді.

Ал кейде болмашы нәрсеге

Көңілің қалып,

Ішер асыңды да,

Тамағыңнан өткізбейді.

 

Мазақ болма ешкімге!

Ала шұбар тілім бар,

Дүдәмалдау дінім бар.

Қымбатшылық қажытқан,

Әупірімдеген күнім бар.

Әр жерден бір естілер,

Еміс-еміс үнім бар.

Орыс тілінен зарығам,

Көк жәшіктен қақсаған.

Ақ сүтімен дарыған,

Ана тілім неге ақсаған?

Ада боп, мәңгі барады,

Бабамнан қалған құндылық,

Мазамды неге алады?!

Батыстан жеткен жындылық.

Қыздарым болса, жайнаған,

Шетелдіктерді құшып жүр,

Бақыттан басы айналған,

Көк аспанда ұшып жүр.

Сасыған кәпір қытайды,

Өліп-өшіп сүйіп жүр.

Ұмытып бірден Құдайды,

Кейбір ару тиіп жүр.

Бәрін айтсам, қазағым,

Жіпке тізілер азабың.

Есіңді жисаң, ертерек,

Болмас еді елге мазағың.

Отызда орда бұзбаған,

Қырықта қамал алмайды.

Елуде өз қамын ойласа,

Ел ағасы болмайды.

Алпыста ақыл айтпаса,

Арғымақ атқа қонбайды

Жетпісте болса, жетесіз,

Көпке айтар сөзі болмайды

Сексеннің сеңгіріне шыққанда,

Түсіндірер жұртқа мән-жайды.

Тоқсанға келіп, тоқтаса,

Жүзге жаяу жете алмас

Бір ғасыр болар белестің

Ар жағына өте алмас.

 

Бауыржан ІСКЕНДІРОВ, Алматы қаласы, Алатау ауданы, №26 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 15
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 15
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 19
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1174
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7220
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11085
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7286
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7431