Әннен шашу шашылған күн

Әннен шашу шашылған күн

Республика күніне орай Ақмола облыстық филармониясында 76-концерттік маусымның ашылуы аясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті халықаралық деңгейде өтті. Себебі  Қырғыз Республикасының  халық әртісі, ҚР  Мемлекеттік сыйлығының иегері,  халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «ДАҢҚ» орденінің кавалері, профессор Бақтыбек Тилегенов пен солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Шарипбек уулу Расулбек өнер көрсетті. Туыстас, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі ұқсас екі елдің өнері де, саз әуені де   бір-біріне астасқан. Қырғыз өнерпаздары көкшелік әнсүйер қауымға өз ұлтының байырғы және жаңа туындыларын тамашалатты.  Жиналған қауым күмбірлеген қазақтың қара домбырасымен үндесе төгілген қырғыздың ұлттық аспабы – комуздың сырлы әуезінен сыр ұғып, сан ғасырлар сорабынан жеткен әдемі әуездің  әсем  үніне  тәнті болды. Ең әсерлісі дәулескер күйшілер  Әбілсерік Қамашев пен Шарипбек уулу Расулбектің (комуз) орындауындағы күй тартысы өнерсүйер қауымның рухын бір серпілтті. 

Қырғызстандық  дирижер Бақтыбек Тилегеновтың жетекшілігімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі А.Айталиевтың «Нарындан жазган салам кат», «Жылкычылар», А.Жумакматовтың «Ак-куу» сияқты қырғыз халқының төл туындыларын орындады. Туыстарынан қалыспаған оркестр дирижері Жанат Рашит К.Күмісбековтің «Еңбек салтанаты», «Сары өзен саздары», «Ереуіл атқа ер салмай», Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін құйқылжытты. Осылай өнер маусымы ашылды, жырдан шашу шашылды. 

Дахан ШӨКШИР
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5362
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5520
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20488
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19117
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22580