Антикор білім саласында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды ұсынды

Антикор білім саласында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды ұсынды
 

Еліміздің білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып табылады. Білім саласындағы жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елеулі шаралар қабылдануда.
Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде комплаенс қызметі мен Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен кезекті жиын өтті.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі комплаенс қызметтерін әдістемелік қолдау көрсетеді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыратын комплаенс қызметі құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, саясаттар, шектеулер, этикалық нормалар қабылданды, университеттің веб-сайтында тиісті бөлім құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жоспарлануда», — деп атап өтті ТарӨУ комплаенс қызметкері Жәнібек Дидарбеков.

Превенция басқармасының қызметкері өз кезегінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Спикерлердің айтуынша, Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын енгізуді көздейді. Оны іске асырудың мақсаты жемқорлыққа қарсы ішкі саясатты құру болып табылады. Барлық жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе енгізу қажет, олар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы тұруы тиіс, өйткені білім ордасы -болашақ мамандардың ұстаханасы. Еліміздің 7 жоғары оқу орнында ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты өз еркімен енгізілді. Бұл қазақстандық жоғары оқу орындары Академиялық адалдық лигасына біріккен.
Ішку қауіпсіздік қызметімен бірлесіп мүдделер қақтығысының фактілерін, пара алу фактілерін дербес анықтайтын комплаенс қызметінің оң жағдайлары да бар.
«Қазір біз жоғары оқу орындарында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын насихаттай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіп жатырмыз. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар қатысу қажет: студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және т.б. Осы орайда бүгінгі кездесуді ұйымдастырғандарыңыз үшін, сындарлы сұхбаттарыңыз үшін алғыс айта отырып, университет басшылығынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды қолдауды сұраймыз», — деп түйіндеді Превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажібаев.

20.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 228
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 595
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 538

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9242
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8639
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11865
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9636
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10846