АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін мәжіліс залда аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Барлық мәндегі автокөлік жолдарының жағдайы, қыс мезгілінде күтіп ұстауға дайындық жұмыстары туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев баяндама жасады.
Аудандағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің желісі 535,47 шақырымды құрайды.
Оның ішінде, облыстық мәні бар жолдар 281,8 шақырым, аудандық мәні бар жолдар 64,87 шақырым, елді мекендер жолы 188,8 шақырымды құрайды.
Биылғы жылы аудандағы жол құрылыс саласын жөндеуге 639,3 млн.теңге бөлінген.
Барлығы 12 жол жөндеу жобалары іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға ағымдағы жылдың басында келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
🔰Күн тәртібіндегі екінші "Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда қабылданып жатқан шаралар және жаңа оқу жылы қарсаңында сауда-саттық жәрмеңкелерін ұйымдастыру туралы" мәселе бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж. Сақыпбеков айтып өтті.
🔰 Күн тәртібіндегі үшінші мәселе "Жаңаталап ауылдық округі аппаратының жадынамаға сәйкес зерделеу қорытындысы бойынша" Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев хабарлама жасады. Ағымдағы жылдың 16 тамызы күні арнайы жадынамаға сәйкес 15 тармақ бойынша Жаңаталап ауылдық округіне зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстармен қатар,анықталған бірқатар кемшіліктерді айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру және жүйелі жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
21.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 137
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 138
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 247
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 462
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 424

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9123
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8520
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11748
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10729