АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Ауданның сәулеттік келбеті мен құрылыс саласын дамытудың 2024 жылға арналған жоспары туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Аукенов хабарлама жасады.
Бекітілген құрылыс жобаларына сәйкес, аудан аумағындағы қала мен аудан орталықтарындағы негізгі бас көшелердің құрылыс салу шекарасында орналасқан кәсіпкерлік сауда орындары, дүңгіршектер мен құрылыс нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы Жаңатас қаласының сәулеттік келбеті келіспеген, ұсқыны қашқан нысандарды, ғимараттарға бөлім тарапынан эскиздік жобалар әзірленіп, басқармамен келісуден өткізілді. Жаңатас қаласының бас жоспары түзетуден өтіп, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілді. 2023 жылы тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімін ұсыну үшін Жаңатас қаласындағы 2 алқапқа егжей- тегжейлі жоспары дайындалды. Алдағы уақытта 13 елді мекеннің бас жоспарларының оңтайландырылған нұсқаларының пайдалану мерзімдері өтуіне байланысты түзетулер енгізуді қажет етеді. Сондай-ақ, елді мекендердегі әлеуметтік, өндірістік, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы сәулеттік-көркемдік, композициялық келбетінің және саябақтары, аллеялары мен сверлердің эскиздік жобаларын әзірлеу жұмыстары жоспарлануда.
Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасының V-ші бағытын ауданда іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлары туралы» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж. Сақыпбеков баяндады.
"Ауыл аманаты» жобасы ауданда 6 округте іске асуда. Байқадам ауылдық округінде 303 жоба қолға алынған. Жобаның 5-ші бағыты бойынша 1жоба несие алып, қайта қажысын СПК-ға қайтарды. Жайылма ауылдық округінде 142 жоба қолға алынып, 5-ші бағыт бойынша 2 жоба іске асуда. Жаңаарық ауылдық округінде 123 жоба қолға алынған. Оның ішінде, 5-ші бағыт бойынша 14 жоба іске асырылу жоспарланған. Қазіргі таңда 2 жоба іске асырылып, 6 жобаның құжаттары рәсімделуде. Игілік ауылдық округінде 108 жоба қолға алынған. Оның ішінде 5-ші бағыт бойынша 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 2 жобаға құжаттар өткізілді. Ал, Жаңаталап ауылдық округінде іске асырылатын 111 жобаның 5-ші бағыт бойынша 10 жобасын қолға алу жоспарланды. Қазіргі таңда 1 жобаға құжаттар жинақталуда. Түркістан ауылдық округі бойынша 105 жоба іске асырылу керек. Оның ішінде 5-ші бағыт бойынша 5 жоба жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселе қаралды.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік нысандарға (оның ішінде сайлау үйлеріне) кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету шаралары туралы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ. Тлеубаев хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
22.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1164
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7213
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11076
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7277
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7424