«Ақ боз үй» – ашаршылыққа қойылған ескерткіш

«Ақ боз үй» – ашаршылыққа  қойылған ескерткіш

Көрнекті жазушы, айтулы қоғам қайраткері, нағыз ұлтшыл азамат  Смағұл Елубай ағаның «Ақ боз үй» романы бойынша түсірілген тарихи көркем фильмінің таныстырылымы 22 наурызда «Есентай» сауда-мәдени орталығында өтті. Бұл көрсетілімге Алматыдағы ақын-Ақ боз үй (трилогия)жазушылар, баспагерлер, аудармашылар, зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары, рөлдерді сомдаған артистер құрамы келді. Алғашқы ашаршылыққа – 100 жыл, қазақты жаппай жазалаған екінші алапат ашаршылыққа 90 жыл толуына орай қолдан жасалған қырғын, қанқұйлы жантүршігерлік жазалаудан жер бетінен жойылып кеткен 5 миллион қазақтың атына қойылған қасіретті «ескерткіш»  жасалыпты. Жансауғалап шетелге үдере қашқан жұрттың алдынан оқ боратып атты. Қуғындап, қыспаққа салды. Алды оқ, арты жоқшылық болып, тығырыққа тірелген елдің ажалдан басқаға барар жолы қалмады. Кинода еріксіз елден кетіп, үркіншілікке тап болған тозған қазақтың көрген қорлығы, қолдан жасалған ашаршылықтың ауыр азабы айтылады, сүреңсіз жылдар суреттеледі. Ақ боз үйдің шаңырағы ортасына түседі. Ол түңлігі түрусіз қалған қазақтың қалжыраған халі, мүшкіл күні. Сай-сайда сүйегі шашылып ит пен құсқа жем болған тағдыры сай-сүйегіңді сырқыратады. Сталин мен Голощекиннің тудырған мейірімсіз саясаты, меңіреу биліктің қаскүнем геноциді ұйып отырған ұлттың ту-талақайын шығарады. Үріккен халық ең жақын шетелдерге қарай жанталаса қашады. Біреулері сүрініп-қабынып Қытай асады, біреулері ақшағыл құмнан аяғы шалынысып Ауғанстанға ауады, бұл кинода Түрікмен құмында тіршіліктен түңіліп, тығырыққа тірелген Ахун ата мен Пахриддин бидің көші көз алдымыздан өтті. Өксіген өмір, өзекті өртеген дерт, жүректі езіп, кеңсірігіңді ашытады. Ашаршылық құрбандарына «Ақ боз үй» көркем фильмі арқылы кесек ескерткіш орнатқан екен. Жазушы Смағұл Елубай ағаның қағаз бетінде бедерлеген ұлт қасіреті, аянышты нәубетті жылдар образға еніп, кино арқылы жанданып шығыпты. 

Кино өте ауыр, жаныңды тілгілесе де, әр қазақ көру керек. Ол біздің ұлттың отаршыл өктем коммунистік жүйеден көрген қорлығы. Мәңгі ұмытпайтын қасірет. Біз отыз жыл бойы осындай ащы шындықты айта алмай тұншығып келдік. Ендігі Әділетті Қазақстан дәуірінде бүгінгі ұрпаққа соны ұғындыруға тиіспіз. 

Фильмнің режиссері – Бегарс Елубай, фильм – Түркияда өткен Қорқыт Ата кинофестивалінің жүлдегері. 

 

ДӘУЛЕТБЕК БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 8
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 13
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 15
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548