«Ақ жол»: Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыстарға қатысы жоқ ұсталғандар босатылу керек

«Ақ жол»: Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыстарға қатысы жоқ ұсталғандар босатылу керек

 

9 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

 

Қайғылы қаңтар кезінде ауыр қылмыстарға қатысы жоқ ұсталғандар босатылу керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында мәлімдеді.

 

ҚР Бас прокуроры

Ғ.Нұрдәулетовке

 

Биылғы жылдың 4-5 ақпанында Мәжілістің бір топ депутаттарымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 32-бабы негізінде қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, тергеу изоляторларына қамалған азаматтармен, олардың туыстарымен кездестік.

Бізге қамауға алынғандардың туыстарынан олардың істерін әділ қарауды және жазықсыздарды босатуды сұраған 70-тен астам арыз түсті. Одан басқа әлеуметтік желіде жариялаған жеке телефоныма да күніне ондаған арыз шағымдар түсуде. Өсіріп жеткізіп, енді қызығын көремін деп отырған балаларынан айырылып, түрменің табалдырығын тоздырып, ешкімнен пана таба алмай жүрген аналардың ащы зарын ешбір брифингтен ешқандай министр жеткізе алмайды. Аналардың көз жасы мен наласын өз көзімізбен көріп, жұбатуға сөз таппадық.

Айта кетерлігі, ұсталғандардың кейбіреулері жалпы топтың толқынына ілесіп, заңсыз әрекеттер жасағанын мойындап та отыр.

Бүгінде олардың көпшілігі өздерінің басқа мақсатта пайдаланылғанын түсініп, өкінуде. Ауыр қылмыстар мен кісі өлтірулер басталған кезде, алаңдағы топты тастап қайтып кетпек болғаны, алайда, белгісіз біреулер қарумен қорқытып, оларды тәртіпсіздік пен тонауға мәжбүрлеп, көпшілік арасынан шығуға мүмкіндік бермегені жайлы мысалдар да бар.

Біздің фракция 26 қаңтардағы депутаттық сауалында бейбіт тұрғындарды ғимараттарды қиратқан бұзақылар мен кісі өлтірген қанішерлерден ажыратуды ұсынған болатын. Мемлекеттік төңкеріс жасап, жүздеген адамның өмірін қиғандар заң талабына сай, қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы қиын уақытта ел тағдыры үшін бар жауапкершілікті өз мойына алды. Президенттің саяси ерік-жігері мен батыл шешімінің арқасында ғана Қазақстан мемлекеттілігін сақтап, елінің тыныштығын қорғап, адамдарды мал құрлы көрмей, бастарын кескен лаңкестердің құрбанына айналмады.

Әрине, мұның бәріне құқық қорғау органдары қалай жол берді деген сұрақтар туындайды. Бірақ, солардың қатарынан содырлардың шабуылы кезінде алғашқы болып, үш жарым мың қарусыз қызметкер аяусыз соққыға жығылса, жиырмаға жуығы қаза тапты.

Ал олардың барлығы – өз еліміздің азаматтары емес пе?

Бүгінде қоғам, азаматтарымызды бөліп жарып, бір біріне қарсы қоюды емес, елдігімізді, Тәуелсіздігімізді қолдауды қажет етеді. Біз тергеу изоляторында радикалды ағым өкілдерін де көрдік. Әлеуметтік желілерде тұрғын үйлердің терезелеріне автоматтан оқ жаудырған, мемлекеттік мекемелерді басып кірген, адамдарға шабуыл жасаған содырлардың лаңкестік әрекеттері бейнеленген материалдар жеткілікті. Әрине, мұндай фактілермен тергеу айналысуы керек.

Құқық қорғаушы Айман Омарова атап өткендей, лаңкестердің көпшілігі елден шығып үлгерген көрінеді. Бұл мәселемен де жіті айналысу қажет. Осы ретте, шалыс қадам басқан жастарымызға қатысты мемлекет тарапынан гуманизм таныту қажет деп есептейміз.

Биылғы жылдың 14 қаңтарында бұл туралы Президент Қ.Тоқаев өзінің твиттерінде «Ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, «жазаны жеңілдету» шараларын қабылдау қажет» деп жазды. Бұл салиқалы да адами көзқарас.

Адамдарды өлтіруге және ғимараттарды талқандауға қатысы жоқ ұсталғандар бойынша, қажет болған жағдайда, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, уақытша ұстау изоляторынан босату керек деп санаймыз. Ұсақ заңбұзушылыққа жол бергендерді қылмыстық істерді тоқтатып, ата-аналарының жауапкершілігімен үйлеріне жіберілгені жөн.

Сондай-ақ, тергеу изоляторында жақында ғана балалар үйінен шыққан,  іздеушісі жоқ бірнеше жас балалар бар. Олар үшін, жазасын ауырлататын жағдай болмаса, мен, өз атымнан, босатуды талап етемін.

 

Ал қамауда қалатындарға, тергеу барысына араласпай,

 

1) Азаптау мен ұрып-соғудан қорғауды;

2) Жарақат алғандарға немесе басқа мұқтажарға медициналық көмек көрсетуді;

3) Адвокаттык қорғауды қамтамасыз етіп, тергеу амалдары кезінде қорғаушылардың міндетті түрде қатысуын талап етеміз.

 

Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Мәжіліс пен Сенат депутаттарының арасынан жедел түрде Парламенттік комиссия құрып, оны тез арада қамауда отырған Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Атырау, Ақтобе қалаларының тергеу изоляторларына жіберуді ұсынамыз.

 

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары

10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 199
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 704
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 827
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 741

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8898
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8292
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11520
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9276
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10504