АҚШ-тан қашанғы инвестиция ала береміз

АҚШ-тан қашанғы инвестиция ала береміз

Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, астық жинау науқаны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, инвестиция тарту жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да өзекті мәселелері туралы есеп берілді. Премьер-министр Президентке эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғаны туралы баяндады. Үкіметтің мәліметіне сәйкес соңғы айда еліміз бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есеге азайған. Аурудың өршу деңгейі – 0,94, жұқпалы аурулар бөлімдерінің 34 пайызында, жан сақтау бөлімшелерінің 32 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Мемлекет басшысына халыққа екпе салу жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқаны айтылды. Асқар Маминнің мәліметі бойынша, қазіргі таңда екпенің бірінші компоненті 7,7 миллион, екінші компоненті 6,7 миллион адамға салынған. Осы жылдың IV тоқсанында Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізілмек. Жалпы жыл соңына дейін 13,3 миллионнан астам азаматтың «QazVaс», «СпутникV», «Sinopharm», «Hayat-Vax», «SinoVac» және «Pfizer» вакциналарын салдыруға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұмауға қарсы вакцина салу жұмыстары жөнінде айтылды. Бүгінге дейін 694 мыңнан астам адам екпе алған. Жалпы 2,5 миллион адамға екпе егу жоспарланып отыр. Бас уәзір Президентке астық жинау науқанының барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар, инфляцияға қарсы қабылданған шаралар кешенін жүзеге асыру туралы да баяндап, экономиканың перспективті салаларына сапалы инвестиция тарту мәселесі жөнінде мәлімет берді. Үкімет шетелден тікелей тартылатын инвестиция көлемін 30 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу және 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің негізгі капиталындағы инвестицияның үлесін 30 пайызға дейін арттыру жұмыстарын жүргізуде.

                              

Ермек Сахариев
11.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 27
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 36

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1008
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7056
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10902
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7125
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7267