Ақтөбе облысы ПІБ Медорталығының күндері

Ақтөбе облысы ПІБ Медорталығының күндері

ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталықтың Ақтөбе қаласындағы күндері аясында медицинаның ең өзекті мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары ұсынылды. Іс-шараға Астана, Алматы қалаларынан келген білікті дәрігерлер қатысты. Үш күн қатарынан өткен медициналық тур аясында Президенттік клиника дәрігерлері 70-ке жуық консультациялық қабылдау жүргізіп, 14 науқасқа операция жасады. Турдың басты артықшылығы – мамандардың қызметі кешенді ұйымдастырылуы. Демек, іс-шара барысында тұрғындар стационар дәрігерінің ғана емес, диагностикалық бөлім мамандарының да қызметіне жүгініп, кеңес алды. Атап айтар болсақ, науқастарды аллергология орталығының басшысы, бас аллерголог-иммунолог Г. Тусупбекова, кардиохирург А. Тойбаев, онколог Н. Шаназаров қабылдады. Ал, нейрохирург М. Бердіходжаев пен аритмолог Р. Камиев консультациялық көмекпен қоса, 10-ға жуық операция жасады. Клиниканың бас генетигі Гүлшара Абильдинова жергілікті мамандардың қатысуымен шеберлік сағатын өткізді.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 64
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 117
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 67
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388