Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңажол ауылдық округіндегі «Нұрпейіс» шаруа қожалығы (бұдан әрі – Қожалық) жалпы алаңы 5000,0 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесін көп жылдан бері нысаналы мақсатына сай пайдаланбай отырған себепті жоспардан тыс тексеріс жүргізілген болатын.
2022 жылғы 5 шілдеде Қожалық басшысына жер учаскесін игеру қажеттігі және жер заңдылығының бұзылуын жою туралы орындалуы міндетті нұсқама табыс етілді. Алайда, Байғанин аудандық жергілікті атқарушы органдардың жауабына сәйкес 1 жыл өтседе жоғарыда аталған Қожалық жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбағаны, яғни нұсқама талабы орындалмағаны анықталды.
Департамент тарапынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы 3 тармағына сәйкес Қожалыққа Байғанин аудандық соты арқылы 369 200 теңге айыппұл салынып, шара қолданылды.
ҚР Жер Кодексінің 92, 94, 147, 148 баптарын басшылыққа ала отырып, Департаменттің Қожалыққа тиесілі жоғарыда аталған жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып, қанағаттандырылды.