Ақтөбе облысының әкімдігі БАҚ-пен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматына көшті

Ақтөбе облысының әкімдігі БАҚ-пен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматына көшті

Ақтөбе облысындағы мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері масс-медиа өкілдерімен апта сайын тілдесетін болады.Тиісті тапсырманы облыс әкімі Оңдасын Оразалин берді.

"Бірінші кезекте бұл халықпен кері байланыс орнату үшін, азаматтардың қажетіне жедел әрекет ету үшін, расталған ақпарат беру үшін керек. Жауап нақты әрі түсінікті болуы тиіс. Бұдан бөлек, сіздерге жолданған проблемалық сұрақтарға тиісті шаралар қабылдануы қажет. Бұл жұмыс бұдан бұрын да жүргізілген, бірақ соны күшейту керек",- деді Оңдасын Оразалин аппарат жиынында.

Журналистермен және блогерлермен тілдесу әр сейсенбіде апта сайынғы аппарат жиналысынан кейін өтетін болады. Осындай алғашқы тәжірибе өңірде 1 наурыз күні жүзеге асырылды.

Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдері, пабликтердің әкімшілері әлеуметтік желілерде қысқы спорт түрін дамытуға, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автокөлік жолдарын жөндеуге, Ақтөбе қаласын дамыту жоспары мен т.б. қатысты қырыққа жуық сұрақ қойды.

Түрлі өзекті тақырыптарға комментарий берген спикерлердің қатарында өңірдің тыныс-тіршілігіне жауап беретін 15 облыстық басқарманың басшылары бар.

Қажет болса өңір басшысының өзі де, оның орынбасарлары да спикер ретінде сөйлейтін болады.

   

Айта кетейік, сұрақтар модерацияланбайды, журналистер мен блогерлер кез-келген, тіпті қолайсыз сұрақтарын да қоя алады.

 

01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762