Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Кеше Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Наурыз мейрамына арналған іс-шарада жас отбасыларға салтанатты түрде сертификаттар табыстады.Облыс әкімдігінің мәліметінше, сертификаттар олардың «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы арқылы 15 млн теңге көлемінде баспана алғандығын растайды.  Шалқар ауданының тұрғыны Ардақ Мұқанова бағдарламаға қатысып, облыс орталығынан бір бөлмелі пәтер сатып алған. Ол әкімдікке «Ақтөбе жастары» арқылы жастарға көңіл бөліп, баспана алуға берілген мүмкіндік үшін алғысын білдірді. Өзім Шалқардағы №3 жалпы білім беретін орта мектепте мұғаліммін. Жасым – 33-те. Бағдарламаға құжат тапсырдым. Шарттарына сай болып, алдыңғы орынға шықтым. «Ақтөбе жастары» бойынша 15 миллион теңгеге Батыс-2 шағын ауданынан бір бөлмелі пәтер сатып алдым. Бір қуантарлығы, жастарға осындай мүмкіндіктер қазір көп. Алғысым шексіз. Енді Ақтөбеден үйіміз бар, – деді жас мұғалім Ардақ Мұқанова. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе облысының əкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен өңірде алғаш рет «Ақтөбе жастары» арнайы тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асты. Аталмыш бағдарламаға 600 млн теңге қаржы бөлініп, 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына 5 пайыз жеңілдетілген несие сияқты қолайлы шарттармен баспана сатып алуға мүмкіндік берілді.

Halyq Uni
23.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 88
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 71
Мойыны озғанды оқ табады
ДӘУЛЕТБЕК БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, ҚЖО-ның мүшесі, Ақпарат саласының үздігі - 04.05.2023 1243

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 61
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 59
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 149
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 309
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 491