АҚТОҒАН АУЫЛЫ АУДАН ЧЕМПИОНЫ

АҚТОҒАН АУЫЛЫ АУДАН ЧЕМПИОНЫ
Ауданымыздың 95 жылдығына арналған футболдан аудан чемпионаты мәресіне жетті.
Ақтық сында Ақарал мен Ақтоған ауылдарының ала доп шеберлері бақ сынады.
Екі құрама да тәжірибесі мен ойынға дайындығы жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Ойынның алғашқы кезеңі 0:1 есебімен Ақтоған командасының пайдасына шешілсе, екінші кезеңде Ақарал ойыншылары есепті 2:1 ге жеткізді. Дегенмен, ойын соңында тартыс күшейе түсіп, ақтоғандық футболшылар екі гол соғып, жеңісті жұлып алды.
Жалпы 5 айға созылған аудан біріншілігіне он команда қатысқан еді. Турнир қорытындысы бойынша, Ақтоған ауылы – І орынды, Ақарал ауылы – ІІ орынды, Сұрат ауылы – ІІІ орынды иеленді.
Турнир қатысушыларын аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы құттықтап, жеңімпаз команданы марапаттады.
Жүлдегер командалардың марапаттарын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев пен аудандық мәслихат депутаты Айдосхан Құрманалиев тапсырды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы кубок пен медальдар, алғыс хаттар, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табысталды.
Меркі Ауданы Әкімдігі
08.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14340
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14269
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29410
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28048
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31577