Әр облыста екіден «Өзбекстан – Қытай шеберханасы» ұйымдастырылады

Әр облыста екіден «Өзбекстан – Қытай шеберханасы» ұйымдастырылады

Мұндай шешім Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен бейнеконференцияда ортаға салынды. 

– Мені алаңдатып отырған мәселе – жастарымыздың кәсіби маман болып, тұрақты табыс табуына жағдай жасау. Осыны дұрыс жасасақ, ауданда кедей де, жұмыссыз да қалмайды, – деді өзбек Президенті. 

Өзбекстан Президенті кезекті ШЫҰ саммиті қарсаңында көптеген жаңа жобаларға қол жеткізген. Мұнда өзбек басшысы энергетика, геология, химия, көлік, ауылшаруашылығы және су шаруашылығы салаларындағы ондаған ірі компаниялардың басшыларының қатысуымен құны 35 млрд доллар болатын перспективалық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласып қайтқан. 

Кезекті жиналыста мұндай жобалар үшін технология мен қытай тілін жақсы білетін мыңдаған кадрлар қажет екені айтылды. Қытай тәжірибесін кәсіптік оқытуға енгізу мақсатында әр облыста екіден «Өзбекстан – Қытай шеберханаларын» ұйымдастыру тапсырылды.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
11.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17460
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17304
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32485
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31075
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34723