Ардагерлер кеңесі ашылды

Ардагерлер кеңесі ашылды

Астананың Нұра ауданында алтыншы ардагерлер кеңесі ашылды. Оның төрағасы болып 70 жастағы академик Айтмағамбет Аипов сайланды.

Қоғамдық бірлестік зейнеткерлердің, ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен, аға буынның бос уақытын тиімді ұйымдастырумен айналысатын болады. Ардагерлер кеңесінің қызметі бүкіл ауданды, оның ішінде Үркер елді мекенін де қамтымақ. «Бүгіннен бастап ауданның зейнеткерлері мен ардагерлерін біріктіру үшін жұмыс істейтін боламыз. Бізге әлеуметтік, мәдени және қоғамдық мәселелер бойынша жүгінуге болады. Меценаттармен бірге әлеуметтік аз қамтылған, жалғыз тұратын зейнеткерлерге қамқорлық көрсетеміз. Сондай-ақ қалалық мекемелер жанындағы ардагерлер орталықтары мен ұйымдарын одан әрі дамытатын боламыз.

Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті Айтмағамбет Аипов.

Қазіргі уақытта елордада 128 мыңнан астам зейнеткер бар. Зейнеткерлік жасқа толған әрбір адам тұратын жері бойынша әр аудандағы ардагерлер кеңесінің қатарына қосыла алады. Бұдан бөлек, жалпы қала бойынша қызмет ететін ардагерлер кеңесі де бар.

 

03.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14255
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14183
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29333
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27970
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31499