АРДАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

АРДАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ
Балаларының қызығы мен немерлері мен шөберелерінің шаттыққа толы өмірін көріп отырған ардақты аналар ауданымыздағы әрбір отбасында бар.
Еңбегімен сыйлы, парасаты мінезімен халқына құрметті болған аналарымыз да аз емес.
8 наурыз Аналар мерекесі күні аудан әкімі Сакен Мамытов ауданымыздағы еселі еңбегі мен халқының құрметіне бөлінген бірқатар ардагер аналардың шаңырағында болып, мерейлі мерекелерімен құттықтап қайтты.
Аудан басшысы ауданымыздың Құрметті азаматы, ұзақ жыл басшылық қызметтерде болып, Жаңатас қаласының және ауданның өсіп-өркендеуіне үлкен үлесін қосқан, білім, кеңес, партия қызметінің ардагері Тыныштық Бектөрееваның үйінде болып, мерекелік сый-сияпатты табыстады.
Ардагер ана өзінің аналық алғысын айтып, аудан әкіміне және құттықтап барған азаматтарға ауданның дамуы жолында еңбек ете берулеріне тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ, Сәкен Үмбетұлы ардақты ана Әміреева Жақсыкүл апаның үйінде болды.
8 баланы өмірге әкеліп, жеткізіп, одан 30 немере, 8 шөбере сүйіп отырған абзал ана аудан әкіміне алғысын айтып, ақ батасын берді.
Қасиетті Меккеде үлкен қажылықта болып, қасиетті Қағбаға тәу еткен қажы апа елінің амандығын, жұртының жақсылығын тілеп отыр.
Сонымен қатар, Сәкен Үмбетұлы ардақты ана Сапарбаева Шакизат апайды құттықтады. Ауданымыздағы "Мұсылман әйелдері" ұйымының жетекшісі ретінде, қыздар тәрбиесіне, жастар тәрбиесіне, жастарды имандылыққа баулуда үлкен еңбек сіңіріп жүрген еңбек ардагері аудан басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп, ауданның құрметіне бөленген мемлекеттік қызметтің, экономика, қаржы саласының ардагері Асия Тойшыбекованың шаңырағында болған аудан басшысы, ардагер ананы мерекемен құттықтады.
Асия Омарқызы арнайы ат басын бұрып мерекелік көңіл-күй сыйлаған аудан әкіміне алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ардақты аналарға мерекелік құрмет көрсетіп, құттықтауда аудан әкімі Сәкен Үмбетұлымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орынбаев және тиісті сала басшылары болды.
Сарысу ауданы әкімдігі
10.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620