Арубаев ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

Арубаев ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

Еліміз қашанда Отан алдындағы азаматтық борышына адал болған қаһармандарын кейінгі толқындарға үлгі етіп, ерлігін насихаттап отырады. 


1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған Ауған соғысы мыңдаған адамның өмірін қиды. 

Жарияланбаған соғысқа Жамбыл ауданынан 130-дан астам азамат қатысып, 6 жауынгер соғыста қаза тапты. 

 

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына 33 жыл толуына орай аудан әкімі Сәкен Арубаев майданда ерлік көрсеткен ардагерлермен кездесіп, сый-сияпат ұсынды. 

Соғыста қаза болған Нұрлан Омаров, Ережеп Саухатов, Оразғали Тұрсынбаевты қаруластары үнсіздікпен еске алып, естеліктерімен бөлісті.

– Қанша уақыт өтсе де елі барда ерлер есімі ұмытылмайды. Ерен ерлердің ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Тұтас бір ұрпақтың, дәуірдің трагедиясына айналған қарулы жанжал халық жадында мәңгілік сақталады. Егеменді мемлекетіміздің болашағы айқын, бейбітшілігі баянды болсын! Еліміздің аспаны ашық, күніміз жарқын болсын. Бүгінде арамыздағы соғыс ардагерлерін ардақтау азаматтық борышымыз! Сіздер бейбіт елдің мәңгілік қаһарманысыздар, – деді Сәкен Қаланұлы өз сөзінде.

 

Жылы жүздесуге аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев және майданда ерлік көрсеткен: Ерғазы Әлжанов, Мирлан Әлметов, Мұхаметәлі Әлдибаев, Абдралы Стамқұлов, Бейбіт Мурзахметов, Болат Тұралиев, Қайратбек Тұңғышбаев, Қуатбек Қалисаев, Ербол Жанабеков, Серік Дүйсенбиев және марқұмдардығ ата-анасы, жақындары қатысты.

Ақжігіт Жетпісбайұлы
15.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 191
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 204
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 471
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 460

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18384
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18244
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33431
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31983
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35748