Арубаев бастаған мемлекеттік қызметшілер кері байланыстың ерекше үлгісін көрсетуде

Арубаев бастаған мемлекеттік қызметшілер кері байланыстың ерекше үлгісін көрсетуде

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап – түрғындардың тілегін ескеру, шешілу жолдарына ықпал ету. Бұл орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі басшыларға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырамдамасын ілгерілету, азаматтардың сауалына жедел әрі нақты жауап беру, өтініштерін қанағаттандыру керектігін міндеттеген болатын. Аудан әкімі Сәкен Арубаевта аппараттық кеңесте әлеуметтік желіге, газет беттеріне түскен мәселелерге ерекше назар аударуды, көтерілген сауалға қатысы бар басшылардың тікелей жауап беруі қажеттігін тапсырған.

 Жуырда ғана ауданның бас басылымының №72 санында Шайдана ауылының тұрғыны Амангелді Қоңырбаев газ тарту жұмыстары салдарынан қираған ауыз су ұңғымаларын қалпына келтіріп берсе деген тілегін білдірген екен. Әрине, орынды – ұсыныс. Күнделікті жұмыстарға зерделеу жүргізгенімізбен кемшіліктерді байқамай қаламыз. Осындайда ауыл азаматтарының елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударып, жұмыстағы олқылықтарды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу – құптарлық іс.

Жалпы биыл өңірде 5 ауылға газ, 2 ауылға ауыз су тартылып жатыр. Шайдана елді мекеніне мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 86 млн 960 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде жұмыстар 90 пайызға аяқталды десек болады. Сіздің өтінішіңізді компания өкіліне хабарлап, кемшіліктерді реттеуді тапсырдық. Жуық күндері мердігер дәйекті дәлел көрсететін болады. Назарыңызға рақмет!

 

 

Елдос КЕҢЕСБЕКОВ, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804