Арубаев: Уәде берген едіңіз, біз сенген едік

Арубаев: Уәде берген едіңіз, біз сенген едік

Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев @saken.kalanuly оқу жылының басталуына орай білім ордаларының жай-күйін көрді. 

Ауданда биыл 6 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Олардың құрылыс жұмысына 590 миллион теңге бөлінген. Оның 4-еуіне «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 309 млн теңге, 2-еуіне облыстық бюджеттен 281 млн теңге қарастырылған. 
Бұдан бөлек 12 мектепке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 113 млн 438 мың теңге аударылған.

Аудан басшысы Өрнек ауылындағы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстармен танысты.

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінің инженер-құрылысшысы Бақытжан Шабанбаевтың
айтуынша, құрылыс жұмыстарын «ЖанатасҚұрылысСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алғанын, оған қазынадан 143 млн 321 мың теңге бөлінгенін, бұл қаражатқа мектептің шатыры, электр желілері, еден ағаштары, есіктері жаңасына ауыстырылып, ішкі бөлмелері толықтай әрлеу жұмыстарынан өтетінін, жұмысқа жергілікті 35 азамат тартылғанын айтты.

1960 жылы пайдалануға берілген білім ошағы 620 оқушыға шақталған. Оның жанында жеке ғимараттағы «Мейірім» шағын орталығы мектепке дейінгі 50 баланы қабылдай алады. Мектеп директоры Рина Жұмаділова: 
 – 6 педагог 491 оқушының зейінін ашуда. Жалпы мектепте кабинеттер саны 23, сондай-ақ спорт зал, мультимедиялық сынып, кітапхана, оқу шеберханалары бар. Ауыл маңындағы Жұма стансасының 30-ға жуық оқушылары тасымалданып оқытылады. Әжетханасы мектеп ішінде орналасқан. Бірақ құрылыс тым баяу жүруде. Мердігер өкіліне көмек көрсетуді ұсынсақ, қабыл алмай отыр, – деді.

Расымен, тоқталып кететін жайтар баршылық. Мектеп аяқталуы мерзімінен әжептеуір қалып келеді. Ғимаратта жұмыс істеп жүрген адамдар қатары аз. Мұны аралау барысында аңғарған аудан әкімі Сәкен Арубаев:
 – Алғаш құрылыс басталған кезде құрылысты тамыз айының ортасында аяқтаймыз деп уәде берген едіңіз. Мен сол сөзіңізге сенген едім. Бірақ сенімге селкеу ұялату бүгінгі күнің қалыпты жағдайына айналған секілді. Жұмысшылар санын көбейту керек. Алғашқы қоңырауға дейін құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтаңыз. Жуық күндері қайта тексеретін боламын, – деп тапсырма берді.

Ақжігіт Жетпісбай
18.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 81
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805