Асар – бірлік, асар – береке

Асар – бірлік, асар – береке
 
Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.
Дәл бүгін атына заты сай, бірлігі жарасқан Бірлік ауылында «Асарлатып үй салу» жобасымен салынған тұрғын үйдің кілті тапсырылды.
Аудан басшысы Ә.Балқыбеков үй иесі М. Баялиевті баспаналы болуымен құттықтап, өзінің ізгі ниет тілектерін жеткізді. Сондай ақ осы игі тіршілікті ұйымдастырған Бірлік ауылының жастарына аудан халқы атынан рахметін айтып "Алғыс хат" табыстады.
Осыдан кейін ауыл биі Кемпірбай ақсақал құттықтау сөз сөйлеп, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы М.Иманалиев ақ батасын берді. Содан соң Асарлатып салынған үйдің лентасын ауыл ақсақалы М.Иманалиев пен аудан басшысы Ә.Балқыбеков қиып, ауыл әжелері тәттіден шашуларын шашты.
Мойынқұм Ауданы
16.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 26
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 28
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1737

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4184
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3832
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3991
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3925
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3997