Әскердегі әлімжеттікке тоқтау бола ма?

Әскердегі әлімжеттікке тоқтау бола ма?

Әскердегі әлімжеттік мемлекетіміздегі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тақырыпта халық арасында көп пікірлер айтылуда. Әрине, жастарымызға қояр талаптар – әскерге бару, сыртқы шекара, ішкі бөлімдерде өз міндетін абыроймен атқарып, саналы азамат болу. Олар Отанын сүйіп, әртүрлі техникалардың тілін біліп, аман-есен әскери борышын өтеп, үйлеріне оралып жатса, ата-ана үшін зор мәртебе. Өкінішке орай, егемендік алғалы осының бәрі оңынан болмай тұр.

Өз ұлтына мейірімсіз, қатігездік жасау, ұлт мүддесіне сатқындық, жемқорлық пен парақорлықтың сүйек пен қанға сіңіп кетуінен әскердегі тілемсектік,басқару кадрларындағы немқұрайлылық, техника-электрондық білім мен адамгершіліктің, адалдықтың болмауы елімізде кең етек алды. Шындықты айтып шырылдап жүргендерге әртүрлі деңгейде қастаңдық жасау қалыпты жағдайға айналды. Кеңес Одағы кезінде әскери борышты өтеу мерзімі 2 жыл болса да, ешбір адам өлімі туралы естімеуші едік. Әртүрлі ұлт өкілдері бірге қызмет етіп жүргенде қазақтар бір-біріне тиіспей, керісінше жанашырлық танытатын, ал қазақ офицерлерін көргенде әкемізді көргендей қуанатынбыз. Елімізде жылдам көбейіп жатқан өзбек, дүнген, әзербайжан, тәжік, армян, күрді т.б. ағайындар алды миллионға, арты жарты миллионға жақындап келеді. Егер әскердегі әлімжеттікке тоқтау салып, тәртіп орнатса, осы этнос өкілдерінің бәрі әскерден жалтармай, қазақтармен бірге қызмет етіп, отансүйгіштікке тәрбиеленіп, бір үйдің баласындай тату тұрып араласуға да мүмкіндік ұлғаяр еді. Қорытындысында мемлекеттің ыстық-суығына атсалысып, қазақтың тілі мен дәстүріне, жер-су, табиғатына құрметпен қарау Жаңа Қазақстанның кезек күттірмес қағидатына айналар еді.

 

ӘБІТБЕК ЖАҢБЫРШЫ, Жамбыл облысы Талас ауданы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553