ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
 Түркістан облысында 2024 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу бойынша жұмыстар басталды. Еліміздегі түрлі әскери ұйымдарының жауапты өкілдері, сардарлары 10 қаңтар мен 10 наурыз аралығында облыстың аудан, қалаларын аралап, түсіндіру және зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
📘 Осы жұмысты жүйелі атқару мәселесі Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары — әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Бейсен Тәжібаев жасөспірімдер мен жастардың отаншылдық сезімін қалыптастыру бағытындағы бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.Возможно, это изображение 2 человека и текст
📌 – Әскери-патриоттық іс-шаралардың мазмұнын байытып, сапасын көтеру керек. Қорғаныс істері департаментімен бірлесе жұмыс істеуге, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.Возможно, это изображение 1 человек и текст
📘 Жиында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмаханбет Дюсебаев биыл да Түркістан өңірінен 4 мыңнан аса жігіт әскерге шақырылатынын, осы бағытта дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Шекара қызметі, Ұлттық гвардия өкілдері де өз ұсыныстарын білдірді. ҚР ҚК ардагерлері кеңесінің облыс бойынша филиалының төрағасы мен әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар тарапынан да пікірлер мен ұсыныстар айтылды.Возможно, это изображение 8 человек
🔵 Айта кетейік, биыл өңірде әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар санын көбейту, оған қолдауды күшейту көзделіп отыр. Жастарды әскерге қызықтыру, түсіндіру жұмыстары да жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
11.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1163
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7212
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11075
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7276
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7423