Әскери саладағы ынтымақтастық

Әскери саладағы ынтымақтастық

Өткен аптада Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі басталды. Уuz.uz порталының мәліметінше, кеңеске ұйымға мүше елдердің және бақылаушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысып жатыр. Кеңес күн тәртібіне сәйкес, делегациялар әскери саладағы бірқатар мәселені талқылауды жоспарлаған. ШЫҰ қорғаныс министрлерінің бұған дейінгі кездесуі 2021 жылы 28 маусымда Тәжікстанда өткен болатын. Ташкентте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Үндістан қорғаныс ведомствосының басшысы Раджнатх Сингх екіжақты кездесу өткізді. Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгерлік қызмет, кадр даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады. «Қорғаныс ведомстволарының басшылары екіжақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді», – делінген хабарламада.

Ермек Сахариев
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5425
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5579
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20548
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19178
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22638