Әскерилер «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады

Әскерилер «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады

   ҚР Қорғаныс министрлігі: «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері Беларусь және Ресеймен терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады. Әрқашан қауіп пен қатерге толы бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясының Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстан Қарулы Күштерінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары қатысады. Оқу-жаттығу аясында ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалу және оны өткізу мәселелерін пысықтайды. Бұл «Бейбіт миссия» 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізу туралы келісім аясында 2 жылда бір рет өткізіледі»,— деген хабар таратты.

14.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 12857
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 12865
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 27971
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26664
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30144