ӘСКЕРИЛЕРДІ ҮШ МЕГЗІЛ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА НИЕТТІ

ӘСКЕРИЛЕРДІ ҮШ МЕГЗІЛ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА НИЕТТІ

Қайран қазақтың дархан көңілі-ай десеңізші. Құшақ жая қарсы алу, жанашырлық таныту иісі қазақтан ешқашан алыстамайтын шығар. Мұны аңғарып та, байқап та жүрміз. 

Бүгін осы бір ұлы қасиеттің тағы бір мысалына куә болдық. Елімізде орын алған террорлық іс-әрекеттердің соңы төтенше жағдай режимінің және Жамбыл облысында коменданттық сағаттың еңгізілуіне әкеліп соқты. Жамбыл ауданы бойынша 7 блок-бекет қойылып, 400-ге жуық жастан құралған «халық сақшылары» полиция қызметкерлері мен әскерилерге қолғабыс етуге ниетті екенін аңғартты. 

Бүгін Гродекова блок-бекетіндегі тәртіп сақшыларының ел тыныштығы жолындағы жұмыстарына Гродекова және Жалпақтөбе ауылының кәсіпкерлері, Ішкі істер органдарының ардагерлері, мешіт имамдары, ауыл азаматтары: Маюфи Абдулхалил, Рахымберді Саламатов, Хайрулла Азимов, Әкімжан Жақыпов, Рахматулла Каримов, Шарип Азинаев, Абдулмалик Абдуллаев, Андрей Тимофеев, Шарипов Абдулмалик, Абдухалил Юнусов, Акрам Жаналиев, Руслан Исмазов, Зериядин Жамалов, Раззақбай Аманбеков, Сәпілмәлік Тәжиев, Нұржан Тоқбергенов әскерилерді төтенше жағдай режимі аяқталғанша үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуге ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ, ІІО-ның ардагерлері тәртіп сақшыларының блок-бекеттегі жұмысына көмекке келуге әзір екенін жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 74
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 132
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 56
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 44

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 349
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6454
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8163
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6534
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6670