Оралдағы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде Батыс Қазақстан облысы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Батырбек Құсайнов, 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесіп, «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында ақпараттандыру сағатын өткізді.
Аталмыш әскери бөлімнің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараның басты мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу және әскердегі жастардың діни сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында Батырбек Дусқалиұлы әскери қызметшілерге дін ағымындағы ерекшеліктер, ағымдардың бөлінуі туралы айтып, дәстүрлі емес ағым жолына түсіп кеткен жастарды анықтау белгілеріне тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Сіз экстремизм мен терроризм сияқты зұлымдықтардан ел қорғанысының бірінші шебіндесіздер. Осы бағыттағы жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін біз де идеологиялық жұмыстар жүргізуіміз керек. Халықты исламның қарапайым заңдары туралы мұқият хабардар ету – біздің идеологиялық науқанымыздың бөлігі. Өкінішке қарай, исламнан терроризм мен экстремизмнің белгісін алып тастау мүмкін емес. Егер біз халыққа, оның ішінде әскери қызметшілерге дін туралы дұрыс ақпарат бермесек, онда сырттан келген радикалдар мұны істей алады, бұл тек осындай белгіні күшейтеді, – деді теолог маман. Сондай-ақ әскери қызметшілерді өз елінің патриоты болуға, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және әскери ортаға діни экстремизм идеяларының енуін болдырмау үшін қырағылық танытуға шақырды. Дін, діни қызмет туралы Заңға байланысты әскерилерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.